Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » 10 қаңтарға арналған ауа райы

10 қаңтарға арналған ауа райы

 baq.kz "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстан территориясының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады.
Еліміздің оңтүстігінде және оңтүстік-батысында кей жерлерде жауын-шашын жауады, ал қалған аймақтарда қар жауады. Кей жерлерде тұман болады, оңтүстік пен батыста - көктайғақ.
Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жаяу бұрқасын көтеріледі.
Түркістан облысының кей жерлеріне тұман түседі, күндіз жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.
Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады. Таңертең және күндіз жел жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.
Манғыстау облысының кей жерлеріне тұман түсіп, күндіз көктайғақ болады. Атырау облысында да солай - тұман мен көктайғақ.
Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлеріне тұман түседі.
10 қаңтар 2020 ж. 419 0