Ауа райы: Қызылордада жел күшейіп, найзағай ойнайды
 kyzylorda-news.kz Бүгін республиканың басым бөлігінде күн райы құбылмалы болады, атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты кей жерлерде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, деп хабарлайды «Қазгидромет» РМК.«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауынша, 27-29 сәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай, жел шығыстан батысқа, солтүстік-батысқа ауысып соғады, күші кей жерлерде 15-20, 28 сәуірде екпіні 23 м/с күтіледі.
Дабылды ескертудің ықтималдылығы 95-100%.






		
		



