Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Құрметті аудан тұрғындары!

Құрметті аудан тұрғындары!

ДАБЫЛДЫ ЕСКЕРТУ!
Құрметті аудан тұрғындары!
Қазіргі таңда аудан көлеміндегі Кіші Арал теңізі мен Сырдария өзеніндегі мұз жұқа қалыңдықта ұстасқан. Мұнымен бірге әр жерден пайда болған жарықтар салдарынан мұздың техникалық төзімділігі талапқа сай емес.
Тұрғындардың мұз үстіне шығуынан қайғылы жағдайлар орын алуда. Адам шығыны да тіркелді. Соған қарамастан ескертуге құлақ аспай, тәуекелге барып, су айдындарына шығу жайттары азаймауда.
Көбіне мұз үстіне балық аулау үшін немесе жол қысқарту мақсатында дарияны кесіп өту деректері толастар емес. Қазіргі уақытта мұндай әрекеттерге бару аса қауіпті екендігін ескертеміз.
Адам өмірі аса қымбат!

Арал ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі 

11 қаңтар 2023 ж. 2 430 0