Екі жоғары оқу орны сатылады
Gosreestr.kz сайты арқылы М. С. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ және Қаржы академиясын жекешелендіру жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Қаржы министрлігінің сайтында хабарланды.
Саудаға «Қаржы академиясы» АҚ-ның 100% акцияларын шығару жоспарлануда. Сауда — саттықты бастау жоспарланып отырған бастапқы баға — 4,2 млрд теңге. Сауда-саттыққа қатысу үшін 75,7 млн теңге кепілдік жарна төлеу қажет.
«3 жыл мерзімге бөліп-бөліп төлеуге болады. Бұл ретте сату бағасынан кемінде 15 % мөлшеріндегі бастапқы жарна сатып алу-сату шартына қол қойған күннен бастап күнтізбелік 30 күн ішінде енгізілуі тиіс. Қалған сома ҚР Ұлттық Банкінің ресми қаржыландыру мөлшерін негізге ала отырып пайыздарды есептеумен тоқсан сайын бірдей үлестермен енгізіледі. Объектіні сатып алушы қызметтің профилін 5 жыл бойы сақтауға тиіс. Сондай-ақ, сатып алушы 2019 жылдың қорытындысы бойынша «Қаржы академиясы» АҚ акцияларының мемлекеттік пакетінің меншік құқығы сатып алушыға өту күніне дейінгі кезеңге барабар кемінде 50%дивидендттер төлеуге келісуі тиіс», — делінген хабарламада.
Сондай-ақ, аукционға «М. С. Нәрікбаев атындағы ҚазГЗУ университеті» АҚ-ның 35% акцияларын шығару жоспарлануда.
Сауда басталатын бастапқы баға — 1,7 млрд теңге. Кепілдік жарна — 75,7 млн теңге.
https://7kun.kz