Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Кітапхана жұмысындағы жаңалықтар

Кітапхана жұмысындағы жаңалықтар

Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев: «Жолдауда айтылғандай жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу, мектеп кітапханашыларының біліктілігін арттыру мақсатында өткізген семинарларда алған заманауи әдіс-тәсілдерді кітапхана жұмысында пайдалану, оқырмандарға интерактивті білім беру жүйесін қалыптастыру, кітапханашылар өзара тәжірибе алмасып, алған білімімізді жетілдіру»
23 сәуір – әлем әдебиеті үшін символикалық дата. Дәл осы күні әлемдік әдебиет майталмандары М.Сервантес, У.Шекспир, И.Вега, М.Дрюон сынды танымал авторлар туған немесе өмірден озды. 1995 жылы Парижде өткен ЮНЕСКО-ның Бас конференциясы бұл күні кітаптар мен авторларға құрмет білдіру туралы шешім қабылдады. Мереке Халықаралық Кітап баспа Ассоциациасының ынтасымен 1969 жылдан тойланып келеді. 1995 жылдың 16-қарашасында өткен ЮНЕСКО-ның Бас конференциясының 28 сессиясында мереке туралы қабылданып, 23 сәуір - «Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күні» болып жарияланды. Осы мереке арқылы ЮНЕСКО ұйымы баршаны, әсіресе, жастарды кітап оқудан ләззат алуға, адамзаттың әлеуметтік және мәдени дамуына өлшеусіз үлес қосқан адамдардың еңбегін құрметтеуге шақырады.
Жыл сайын Дүниежүзілік кітап және авторлық құқықты қорғау күніне орай кітапханашылар түрлі мәдени шаралар ұйымдастыруды дәстүрге айналдырған. Биылғы кітап мерекесі 23-сәуір күні №19 орта мектебінде «АҚПАРАТТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ ЖӘНЕ ОНЫ МЕКТЕП АЯСЫНДА ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ӘДІСТЕРІ» тақырыбында аудандық семинар бастау алды. Іс-шара барысынды оқушылар кітапханашыларға құттықтау сөздерін өлең арқылы жеткізіп қарсы алды.Шараға ауданымыздағы білім беру мекемелерінің кітапханашылары қатысып, аталмыш тақырып төңірегінде сөз қозғады. Семинардың ашылуына аудандық білім бөлімінің әдіскері Ж. Бақбергенова мен №19 орта мектебінің директоры Л. Есжанова қатысып, кітапханашыларға сәттілік тіледі.
Жиында кітапханашылар жұмыс көрсетіп,түрлі әдіс-тәсілдер алаңына айналды.
Ж. Әбдірашов атындағы №62 мектеп-лицейінің кітапхана меңгерушісі Л.Т.Мангитбаева;
№14 мектеп-лицейінің кітапхана меңгеруішісі Г.Н.Кариева;
№19 мектеп кітапханашысы Б.Исмагулова;
Ұ. Қараманов атындағы №262 мектеп-гимназиясының кітапхана меңгерушісі А.Отаралиева;
Т.Г.Шевченко атындағы №13 орта мектебінің кітапхана меңгерушісі А.Бекмамбетова, кітапханашысы Камшат Успанова;
№57 орта мектебінің кітапхана меңгерушісі Г.Макосова;
№71 орта мектебінің кітапхана меңгерушісі Г.Қосмамбетова;
№260 орта мектебінің кітапхана меңгерушісі Р.Бисенбиева сынды әріптеріміз жұмыс көрсетті.
Кітап оқу бұлағым,
Оқытатын ұстазым,
Кітапта бар даналық,
Оқып біліп алайық,-дей келе,білімнің нәрі, көңілдің әрі,тәрбиенің көзі кітап екенін жастар санасына сіңдіру, қоғам міндеті екендігін ұмытпайық, оқырман!
Кітап – атадан қалған асыл мұра, көненің көзі, ескінің сөзі. Ол – мәңгілікке сапар шеккен ақыл ескерткіші. Заманымыздың заңғар жазушысы М.Әуезовтың сөзімен айтқанда, «Кітап – әр адамның өмірлік досы». Ендеше, кітап – білімді қару еткен жаңа әлемдегі жаңа еліміздің озық та өнерлі өкілі болайық!
А.Нурпейсова,
Кітапханашы 

Сурет: egemen.kz
07 маусым 2024 ж. 1 768 0