Республикалық байқауда бас жүлдені жеңіп алды

Байқауда Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің “Дәстүрлі музыка өнері және хореография” білім беру бағдарламаларының оқытушысы, тарих ғылымдарының магистрі, Мәдениет саласының үздігі, жыршы Сүгірбай Марат Бердібайұлы Бас жүлдені жеңіп алды. Сыйлық: автокөлік!
Жыр жампозын жүлделі жеңісімен құттықтап, толағай табыс, шығармашылық шабыт тілейміз!
Қорқыт ата университетінің Медиа орталығы