Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Бибігүл Төлегенова жеке өмірі туралы жан сырын ақтарды

Бибігүл Төлегенова жеке өмірі туралы жан сырын ақтарды

Қазақстанның Халық әртісі, эстрада дүлділі Бибігүл Төлегенова алғаш рет жеке өмірі туралы ақтарыла сұқбат беріп, жан сырын ақтарды. Өнер иесі отбасылық бақыт туралы сыр шертті, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Бибігүл Төлегенова Динара Сәтжанға сұқбат беріп, үш рет тұрмыста болғанын айтты. Эстрада жұлдызы үш некесі де сәтсіз болғанын жасырмады. Әнші махабаттан жолы болмаса да, өнерінің арқасында бақытты екенін жеткізді.

«Әркімнің өз бақыты бар. Біреу жолдасымен бақытты болса, енді бірі өнерімен бақытты. Мен мысалы өнерімнің арқасында бақытқа бөлендім. Сол себепті маған ешбір ер азамат «мен сені көтердім, танымал еттім» деп айта алмайды. Ешкім мен үшін ештеңе істеген де жоқ. Мені бәрі қолданды. Маған ешкім қолдау көрсетпеді. Мен қарсылық танытып үйреніп қалдым. Отбасылық бақыт туралы айтқым да келмейді. Үш рет тұрмыста болдым. Үш рет те сәтсіз болды. Маған бір жолы болмайтын ер адамдар жолыға берді. Маған керек емес дедім», – деп ағынан жарылды Бибігүл Төлегенова.

Ақпарат көзі: syrboyi.kz
Сурет: kaz.nur.kz
12 тамыз 2024 ж. 300 0