Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » АБАЙ АМАНАТЫ ТАРИХ БЕТІНДЕ.

АБАЙ АМАНАТЫ ТАРИХ БЕТІНДЕ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан" атты мақаласы жарияланғаны белгілі. Абай жолы - сан қилы сыры бар сара жол . Шынтуайтында, Ұлылықтың бастауы болып, әлемді мойындатқан Абай атамыздың 175 жылдық мерей тойы – ұлттық құндылығымызға қайтадан зер салып, баба аманатын жауапкершілікпен орындау деп түсінемін.
Ұстаздар қауымын елең еткізген мақала "Ұлттық болмыстың үлгісі", "Мемлекет ісінің мүдделері", "Әлемдік мәдениеттің тұлғасы", "Торқалы тойдың тағылымы" деген бөлімдерден тұрады. Мақаланың әр бөлімі арнайы бір мәселелерге тоқталған. "Торқалы тойдың тағылымы" деген бөлімде президент Абайдың сөзін, ойын айта келе, бұл тойды біз тәлім – тәрбиесі мол , кең көлемдегі іс – шаралардан тұратын құнды жұмыстар ретінде қарауымыз керек екендігіне назар аудартады.
Мемлекет басшысы халқымыздың мәдени мұрасы Абай тағылымымен тікелей байланысты екенін айтады. 
Өмірі – өлеңмен өрнектелген Абай атамыздың тарихтағы жолы таза, құнды, өзге ұлтқа үлгі. Екі арнасы саналған аналар мектебінен бастау алған мол тәрбиесі- бала жүрекке елді, жерді, адамды тасты, құмды сүйгізді. Толық Адам деген атауға Абай атамыздың өзінің лайық екеніне күмән да жоқ. Өнерге, білімге, өмірге, табиғатқа ,адамзатқа зор ықыласпен қарайтын өскелең ұрпақты «Толық адам етіп тәрбиелеу - ұстаздар мен ата-аналардың еншісінде. Толық адам ретінде кез кез келген азамат Абай тағылымына өз үлесін қосса нұр үстіне нұр болатындығын атап өтті.
Абай атам өзі айтып кеткен, өлеңнің патшасы да өнердің патшасы да өзі деп айтар едім. Ұшы қиыры жоқ кең далада көсілген, емін-еркін өмір сүріп сол даланың тарланына айналған Абай атамның қазағы үшін дархан даласынан артық қымбат не болсын?!
Осы орайда, мемлекет басшысы Абайды әлдилеп, Шәкәрімді құшағына басқан, Мұхтардай зор тұлғаны өмірге әкелген қасиетті өңірлерге ерекше мән беріліп, Құнанбай қажы жатқан мазар қайта жағартылатынын да тілге тиек етеді. Мақалада Абай атамыздың білімге құштарлығына ерекше тоқталады. Бабамыздың 175 жылдық мерей тойының барысында білім саласында түбегейлі өзгерістің енуі, яғни «Мұғалім мәртебесі » туралы заңның қабылдануы елдің білім жолына онан сайын қанаттанатынын аңғартады. Ұлы Абайдың да білімге деген мақсатының орындалғандығы деп айта аламыз.
Абай атамды мен «Қыран бүркітке» теңер ем.. Асқар таудың шыңынан кең далаға қанат қағып, қалықтап ұшқан сәтінде өзін қалай еркін сезінсе, табиғат берген жаратылысына сай тіршілік етсе, сол табиғаттың ажырамас бөлігі адам да дәл солай тумысынан еркіндікті аңсап, азат өмір сүруге құштар болуын армандады. Қазақ елі сол арманға жетті . Көзі ашық, көкірегі ояу елге айналдық Абай атам айтқан, «бес асыл іс» қазақ жұртының жүрегінде өшпес рух болып қалатыны сөзсіз.
Арал қалалық №64 орта мектебінің тарих пәні мұғалімі,
мектеп директорының орынбасары, 2019 жылғы «Білім саласының үздігі»
номинациясының иегері Куптлеуова Акжанай Мамаевна
10 қаңтар 2020 ж. 908 0