Менің жағалауым (хикаят)
Пролог орнына
– Ата, ертегі айтып беріңізші! Тоғыз жасар немерем жатарда осылай деп қыңқылдайтынды шығарды. Әуелде ойымнан оп-оңай қиюластырған мөлтек ертегілерді қосып-шатып қызықтырып алған сияқтымын. Енді басым бәлеге қалды. Ана тілі оқулығынан ұзамаған шынашақтай баланы етектей ертегілер жинағы маңайлата қоя ма? Теледидар тетігін басқандай менің аузымды бағады. Ғаламтордағы шытырманды шарламағанына тәубе дейсің де, естеліктер есігін қағасың.
Біздің жадымызда қалғаны – баяғы оқушылық кездегі сана сандығында сақталғандары ғана. Шынтуайтына көшсек, ертегіге ертерек арбалғанның бірі өзім. Кітап әлеміне құмарлық немереме де жұғысты болған сыңайлы. Құртақандай болып шұбалаңқылықты бұл да ұнатпайды. Амал жоқ, қулыққа көшуге тура келді. Құстар мен балықтарды адамша сөйлетіп, ойдан мазмұн құрасам, соған кәдімгідей иланып таңырқап қалады. Келе-келе мұның да жалықтыратыны байқалды.
Шынымен сасайын дедім. Бұрын кенже қызым да осылай тосылдырған. Бастауыш сыныптан кейін балалық шақтан бір-жар эпизодты әңгімелеп бергенмін. Енді ізімнен қалсайшы?! Жалғасын сұрап күнде мазалайды. Сөйтіп жүріп үзіп-жұлқып бас-аяғы бір хикаятқа өзек боларлық бұлаң дәурен баянын ауызекі әңгімелеп шыққанмын. Ақыры сол әсер қағазға салмақ салып, тәп-тәуір дүние оқырман арасына жол тартқан еді.
Қайтесің, қазақ үшін немереден тәтті ештеңе жоқ. Құшағыңды нұрға толтыратын, апыл-тапыл басқан әр қадамына емпеңдетіп қоятын, балдыр-бұлдыр тілімен емешеңді үзетін құдірет иелеріне ләппай қызметші қылған Жаратушы бұйрығына мың да бір тәубе! Аталар мен әжелер соған да марқаяды. Өтінішін ешқашан екі етпейсің. Өзіңнен-өзің бағынғың, жағынғың келіп тұрады.
Немере назарын аяулы атамекенге бұрып, балалық шақтың қамтылмай қалған тәлімді тұстарынан кертіп-кертіп әңгімелеуге көштім. Ертегілер еріксіз ығысып кетті. Шамалаймын, атасының алыс дәуірдегі арманшыл кейпі, ауыл адамдарының бүкпесіз болмысы ұрпақ жанарында сүйіспеншілік ұшқынын маздатқандай. Қаланың қасаң тірлігінен ойша ғана емес, шынымен-ақ тартынып, бойын ата тек нәрі сіңген ауылды көруге ынтызарлық билеп алғаны қуантты. Шіркін, адамзат әлемі аталар мен балалар ынтымағындай періштелер төрелігін пір тұтса ғой!

Сірә да қаршадай кезімнен ойламайтыным жоқ. Бір ауылдың жақсысы мен жаманын айыру пешенеме жазылғандай, үлкендер туралы өзімше топшылайтынды шығардым. Маңайдағы шұбырған шибұттар мен бозөкпелерді тіл ұшына түсіргім келмейді.
Қияли болып қалыптасуыма тұрмыс қаталдығы түрткі. Қоңторғай тірлігіміздің шешілмеген сұрауы көп. Ауыл шетіндегі бәкене үйіміз құдды төрткүл дүниенің оңтүстік беткейін шолуға соғылған барлау бекеті сияқты. Жалғыз терезеге таңылған тоқал тамның құрылыс кілтипанына басым жетпейді. Әйткенмен аязда шытынамайтын, жаңбырмен жуынатын бір қабат қалың әйнек мен үшін сән түзейтін шарайнадан әсте кем емес. Тақала кеткенде деммен мұнарланып, тыншу таппас саусақтарым нешеме бейнені құбылтады дейсің!
Үйіміз күркедей болғанымен, көңіл төріміз кең жайлау. Көз алдымдағы өмір өлшемі, әке мен шешенің күнделікті қам-қарекеті есею тұтқасына ерте қол создырды. Қаншама намыс буғанымен, шау тартқан, тұрмыс тоқпағы титықтатқан солардың дегенін екі етпеймін. Сауын жоқ кездері таң алакеуімнен қос-қостап түйе ұстаған туыстарды жағалап, шайлық сүт әкелемін.
Босағасы жоқ дала ондайда тым тарылып кеткендей сезіледі. Амал қанша, кіріптарлық еріксіз көндіктіреді. Ботасын байлап, түйе қорадағы ақырға шөп салып, малдың тезегін алып дегендей, ретіне орай қолғабыс жасауға тура келеді. Сонда барып қожайынның жүзі жылиды. Шелек толы шүпілдеген сүт кішкене топатайға ернеулетіп сыздықтай бастайды.
Сірә да тапсырманың жайлысы болған ба?! Ақ қағазға жақындауым шағым жазудан қалып алды десем, айыптай көрмеңіз. Ескіше де, жаңаша да хат танымайтын егделердің көкейіндегісін шындық шимайына ұқсатуым жобадан алыстамағанына қуанамын. Қарастығы жоқ, маңдайдағы құндызын соғыс жалмаған өлмелі кемпір-шалдың өтінішін зарлатып-ақ жазамын. Шөп шабуға мініс көлігін сұрайды. Қарт колхозшының пай үлесінен дәметеді. Шай-су, ем-дом кемдігіне аз-кем ақшалай жәрдем күтеді. Басқармаға жетпей тұрып, аңыратып оқып беремін. Екеуі де көзіне жас алады.
– Қолыңнан айналайын, құлыным!
Мақтаумен желпініп, Ақжан басқарманың жолын тосам. Кеңсеге ере кіріп, тілдей қағаздың хабарын күтем. Майданда ұртын оқ тескені күлімсірегенде шұқырайып, жүдә, ажарын аша түседі. Қушыкештеу кісі бастықпын деп бәлсінбей, алдындағы шынашақтай баланың шама-шарқын сынаудан да кет әрі емес.
– Жазуыңды ажырата алмай отырмын. Кәне, мынау құжынаған шыбындай шатпағыңды дауыстап оқып шықшы!
Байқаймын, басқарманың ақшыл сары жүзі күреңітіп барады. Қырғыннан қайтпаған Сәруар ағам онымен түйедей құрдас екен. Арыз тыңдап емес, ағыл-тегіл сыр бөліскендей. Жаныма келіп басымнан сипады, арқадан қақты.
– Шүкір дейміз, шырағым! Артыңда өзіңдей үкілі құйрық тайы тұрғанда, Сәруар сынды боздақтар қалайша ұмыт болсын?! Көкем мен апама сәлем беріп кіріп шығармын. Ылғи «5-пен» оқитыныңды мұғалімдеріңнен естігем. Сен оқудың ізінен қалма! Әлі бір күншідей болмай, жетіліп кетесің. Ағаңның майданнан жазған хаттары ылғи өлеңдетіп тұрмайтын ба еді? Қара да тұр, түбі бір жерден шығасың. Сөзің солай сөйлеп тұр!
* * *
Адам тану әліппесін балалар көзінен кім іздей қояды дейсің?! Жауабын таппаған сұрақтарым маған өмірден де, кітаптан да қадала қарауын қояр емес. Қазақ ертегілерінің етженді топтамасы біржолата қиял әлеміне еліктіріп әкетті. Кітапханашы Жолтайдың кеңшілігімен ауыл кітапханасының сөрені майыстырған құндылықтарына емін-еркін қол созатын сенімге кірдім.
Жұқалтаңы, қалыңы аралас, алуан түрлі мұқабалы кітаптарды шаңнан арылтуға сыныптас достарды тарттым. Біздің олжамыз – есептен шыққан тозыңқы кітаптар мен газет-журналдың көне тігінділері. Жас оқырмандарды Жолтай аға ара-тұра осылай ынталандырады. Жүдә, кітапхана кілтін ұстап жүруге рұқсат етті.
Жазу мәнері қыз қолтаңбасындай Монтай мен тазайындыққа бір табан жақын Даниярды, қара күшке мықты Жәнібек пен Қайсарды, бойға келгенде өкпесі жоқ Нұртайды көмекшілікке алып, жазғы каникулдың бір айын кітапханада өткіздік.
Рухани еңбек деген тамаша екен-ау! Сарғайған, мүжілген кітап беттерін жай парақтай салмайсың. Нешеме жылдар қолдан-қолға өткен, майлық-сулық орамалдай дақ түскен Сервантестің «Дон Кихоты», Даниал Дефоның «Робинзон Крузосы», Жюль Верннің «Он бес жасар капитаны» тәрізді батыстағылардың балалық шағына аяушылық, сүйсініспен ортақтастыратын, жас таңдамайтын тамаша туындыларды қалай ғана дәтің барып қоқыс жәшігіне тастарсың! Ішкі дауыс «Тәйт, тарт қолыңды қазынадан!, Өлмес мұраны тірідей көмбе!» – дейді аласұрып.
Пайдалану мерзімі жеткен кітаптарды есептен шығару туралы ауданнан келген нұсқау мен тізімге жалтақ-жұлтақ қараймыз. Жолтай болса еш саспайды.
– Акт жасалады. Түк қорықпаңдар. Жыртуға қимасаңдар, үйлеріңе әкете беріңдер.
Бұл дүниеде бөліс деген үлкенге де, кішіге де ауыр сынақ шығар. Ошақ қасындағы тамызықтай алым-жұлым бір бума кітап шынымен таласқа түсіретіндей. Табанда ой тапқан Монтай ретсіз реніштің жолын кесті.
– Біз бұл кітаптарды бөліспейік. Оқып болайық та, екіншімізге берейік. Сөйтсек, бәріміз де түгел танысып шығады екенбіз.
Мен оқуға шалтпын. Бір бастасам, аяқтамай тынбаймын. Ауылдың қақ ортасында зіркілдеп тұрған дизельден жүз қаралы үйге жарық тарататын электрик Хасен түнді күндізбен айқастырып әуре болмайды. Лампочканы бір сөндіріп, бір жандырып жыпылықтатады да, артынша қараңғылық пердесін түсіреді. Ол қорылға басқанда, шеткері үйдің жалғыз терезесінен таң атқанша шам сәулесі сембейді.
Бұл жолы олжа кітап Тихон Семушкиннің «Аласталған Алитеті» мені мұзды өлкеге саяхат жасатты. Жөңкіген бұғылар табыны, мәйітті арулап жөнелтудің орнына – көз көрмеске айуандар жемтігіне қалдыру аң-таң қалдырады. Яранганы ықтаған якуттардың мәрттігі, шхунасын тасалаған делдалдар, аса бағалы аң терілерімен сауда жасаушылар, айбатты аңшылар көпке дейін көз алдымда тізбектеліп, тайга мен тундра әлемі өжет ойға жетелейді.
Келесі күні Даниярдың тісі бата қоймаған Георгий Тушканның «Жора» деген қалың кітабы Памирге қарай өрлетіп, тау тынысының саф самалымен желпіді. Жас аңшының шың-құзға альпинисше өрлеуі, құралайды көзге атқан мергендігі аузымның суын шұбыртты. Еті кесел атаулыны жым қылатын ұлар деген құс туралы осы кітаптан ұғындым. Әсіресе, Жораны ымнан түсінетін айнымас серігі Теке деген иттің иесіне шексіз берілгендігі тәнті етті.
Біздің ауылда ит ұстауға әуестік атымен жоқ. Қызғанатын заты, қоритын дәулеті болмағандықтан ба, абалаған дауыс естілмейді. Бәлкім, екі күннің бірінде балық асылып не қуырылатындықтан, тісі ақсиғандардың таласатын да жөні жоқ шығар. Әлде фосфорға бай су маржанын қылғытқан жеті қазынаның бірі балық сияқты мылқау кейіпке көшкен бе? Олай дегенге илансам, балық қылқанын бір езуімен саудыратып, екінші езуімен дәу кеспені көмейге қылғытатын балықшылар сәл нәрсеге кеңірдектеп, дауыстары дауыл көтергендей танауларын желпілдетіп жіберетіні неліктен? Демек, гәп сүйекте емес, дағдыда!
* * *
Кеуде сабаламайтын артықшылығыма достарым бөтен ой білдірген емес. Бұрын бос уақытта жағалауға ұмсынған ақ шағылда ойын көрігін қыздыратынбыз. Қашаннан шетімізден тапқырмыз. Құмға жүрелеп отыра қалып, он башпайдың өрнегімен машина доңғалағының ізін салуды Жәнібек бастады. Шынында да нәтижесі керемет боп шықты. Жүк машинасының да, «Виллистің» де ізін айнытпай құм бетіне түсіреміз. Даланы айқыш-ұйқыш шиырлаған қара жолға түсіп алып жүрелеп жарысамыз. Озу шарт емес, өрнек салу қызық.
Нұртай құмда өсетін томардың топырақ кеулеген тарам-тарам тамырларын рация желісіне ұқсатып, байланыс амалына бейімделуде байқағыштық танытты. Ішек сағыздай ирелеңдеген жіңішке тамырларды аңшылардың оқшантайындай етіп, кеудемізге, белімізге шандып орап аламыз. Жуан томарды телефон тұтқасына жаратамыз. Шаң-шұң дауыстан құлақ тұнады.
Биік жардың саз қыртыстарын қырнап, әртүрлі пішіндегі кескін жасауға Данияр бейім екен. Саусағымыз қалам мен өшіргіш орнына жүріп, аң мен құс, тұрмыстық бұйымның ыңғайға келген түрінен шағын көрме құралғандай. Момақан Монтайдың бақалшақты тізбелеп, қарындастарымызға көзмоншақ, әжелерімізге таспиық жасауға құлаққағысы ең пайдалы ұсыныс болды. Бұрын адыраспанның түйнегінен әзірленген моншақты киелі өсімдік ретінде босағаға іліп қойғанбыз. Бұл жолы әртүрлі реңктегі бақалшақ алқамызды үйдегілердің бөтен көрмесі хақ.
Қашаннан қиқарлығы басым Қайсар осы жолы нағыз «ойыны осылғыр!» дейтін кейістікке душар етті. Қайдан ойына келгенін қайдам, жылқының кепкен тезегінен махорка жасап әлек. Қалтасынан тілдей қағаз шығарып, тезек үгіндісін себелеп, қарымы саусақтай добалақтанған орамды ауызға апарды.
Шырпы тиген бойда кеудіреген тезек түтіндеп берді дейсің. Шашалып-қақалып қапелімде тұншыққан Қайсарға жапатармағай көмекке ұмтылдық. Мұндай жайсыз әрекеттен бейхабар баланың қолынан не келеді? Теңіз суын себелеп, көйлегімізбен желпіп жатырмыз. Өңі бозарып, шөлмектей болған Қайсар сәлден соң есін жиды. Оқтын-оқтын лоқсиды.
Ауылда темекіні сәндеп шегетін екеу-ақ. Партизан атанып кеткен Әбіл ата үнемі махорка тартады. Тілі желімнен бетер. Газет қиындысы ерніне тиді дегенше, аузы бекітілген конверттей болып жымдаса қалады. Шоқтай қызарған темекі ұшынан күл ұшырмайды. Әйткенмен, артынша жөтелге басып, қартаң жүзі булығып дегбірі қашады.
– Окоптан тапқан азап қой! – деп айыптыны алыс жылдар жортуылынан іздейді.
Ал тракторшы Дөңестің темекі тарту машығы күлкі оятады. Жүзі үнемі жайын жотасындай қарауытқан ағеден ағаның ойнақшыған көздері танауынан темекі түтіні кері лықсығанда, кәдімгідей аларып кетеді. Тыжырына шегіншектей бергеніміз әсер етті ме, кейін маңайына бала айналса, шегіп тұрған темекісін таптай салатын болды.
* * *
Кітапханашы Жолтайға мың да бір рақмет! Сынып жетекшісі әрі әдебиет пәнінің мұғалімі Әбдіраш ағайдың жазғы тапсырмасы жүз пайызға орындалатыны ақиқат. Оқу үздігі деген сабақтағы бедел екен. Кітап оқуға құмарлық күнделікке қойылатын бағалармен өлшенбейтініне дауымыз жоқ. Өзімді іштей білгіш санайтын көзқарастан тайып түсуіме тура келді. Момақан Монтай «Робинзон Крузо» дейтін ғажайып туындыны меншіктеп алғандай рай аңғартады. Аймағымыздан белгісіз аралдың белгілерін іздейді.
– «Үшшоқы», «Қушоқы», «Жанқожа» жаққа саяхат жасап, туған өлке қойнауын армансыз шарлағанға не жетсін! – дейді ұрандатып.
Сарыла кітап оқу сөйлеу тілімізге кітаби дағды қосқандай. Кейде өзеуреп, қызыл кеңірдек боламыз. Содан әрі кітапхананың күңгірт бөлмесінде ондық шамды айнала оқырмандық әсерімізді бөлісеміз. Мен Жора туралы майын тамызып әңгімелеймін. Данияр «Он бес жасар капитанды» басына жастанып ұйықтаса да менен көрмеңіз. Теңбіл жейдесін үстіне ілсе, қазір-ақ капитан бала атанып кетердей. Қайсар «Қажымұқанды» қайта-қайта парақтайды. Жәнібек мұқаба сыртында аузын ашқан алтын балық бейнеленген «Қазақ ертегілерін» кеудесіне қысып күлімдейді. «Мың бір түнді» қызғыштай қорыған Нұртай көзі күлмің қағады. Бала ұғымына ерсілеу кітап болса керек, оғаш жерлеріне келгенде кәдімгідей қызарақтайды.
Айтты-айтпады не керек, біз алғаш рет шексіздеу көрінген уақыт бағасын білдік. Тұп-тура жұмыстағылардай жөнге түстік. Таңғы шайдан соң мал жайғарамыз. Үйдегілер қай-қайсымыздың да кітапқа үйірсектегенімізді бөтен көрмеді. Жолтай сыйлаған көне газет-журналдар оқу бұрышымыздың сәніне айналды. Қызылды-жасылды журнал суреттерінен әп-әдемі фотомонтаж жасап алдық. Мұнымызға әке-шешеміз, оқта-текте бас сұққан көрші-көлем, ағайындар да таңырқайтынды шығарды. Басқарма Ақжан мақтауын келістіргендей, түбі бір жерден шығатынымызға ығылана бастағандаймыз.
Кітапхана өміріне біртіндеп еніп бара жатырмыз. Бүкіл кітап қорын түгендеп, тіркеу кітабына түсіріп нөмірлейміз. Бір қолдан шықсын деп жазу жағын мен мойныма алдым. Бас бармақ, балалы үйрек, ортан терек деп тақпақтайтын үш саусаққа күш түсті. Шөп шапқанда алақанымыз ойылып, саусақтарымыз мүйізгек болып қатқыл тартатын. Сол сияқты сәмбі талдай майысқан жұқалтаң саусақтарым су сорған мақтадай үлбіреп сала берді.
Әр кітаптың 17-бетіне ұзынша штампты зуылдатып басып отырған Жәнібектің қолы-қолына жұқпайды. Нөмір қондырған Даниярдың көзі мен қолы бір-біріне бақылау орнатқан. Кітаптарды тіліне, түрлі салаға жіктеп, санын нақтылаған Нұртайдың жауапкершілігі тым ауыр. Көптен тазартылмаған, шаң қапқан ірілі-уақты кітаптардың барлығын күн көзіне қақтырып, көшкен үйдің жұртын тазалағандай тірлігіміз енді бүкіл ауылға мәлім болды.
– Мынаны қара! – деседі өткен-кеткендер – Қылжақбас Жолтай нағыз көмекшіні тапқан екен. Бұл бәрінің де тілін табады.
– Міне, біз оқытқан балалар осындай! – деген мұғалімдер қолпаштауы мақтау қағазынан әсте кем емес. Мектеп директоры Құланның:
– Алғашқы қоңырауда сендерді құрметтейтін боламыз! – деген ризашылығы жаңа оқу жылы таянып қалғандай әсерге бөледі.
* * *
Әкем таудай толқынмен алысқан теңіз тарланы. Соғыс жылдарында сүйменмен көкше мұзды қарш-құрш ойған. Ет пен тері ортасын құрыстырған шаншу тыл дүрбелеңі тұсында жауырыннан қадалған. Оқтан бетер сол сүр аурудан айығар түрі жоқ.
Сонда да өмірге құштарлығы керемет! Қайраты қайтқанын елең етпейді. Тұңғышы Сәруардың отаншыл қасиетін аузы тозғанша айтуға әзір. Ағамыздың майданнан жолданған көгершін қанатындай үшкіл хаттарын ел болып күткен. Сағыныш бояуымен сырланған, оқ-дәрі иісі сіңген үшбу хаттардың дені – өлеңдер. Аманат жырды көз көргендер жанарларын жас шылап күрсінте, күңіренте жеткізеді.
Қолдан-қолға өтіп, жұлым-жұлымы шыққан майдан жәдігері апамның тер сіңген жаулығына түюлі. Төбедегі бағанда құбыла бетте ілулі тұрады. Еркін тақырыпқа жазған шығармамда жауынгер хатын өзек еткенмін. Жайшылықта сұстылау Әбдіраш ағайдың жанары жасаурап, көңілі бұзылды. Арыстай азаматын соғыс жалмамаған үй некен-саяқ шығар-ау. Оның да ағасы ұрыс даласында хабарсыз кеткен. Қанды қырғын ортасынан қияндағы балықшы ауылына міні құрғамай жеткен сол хат қасиетті шығар, тегінде!
Сәруар көкеме ұқсап өссін дей ме, әйтеуір әкем мені лажын тапса қызмет адамы қылмақшы. Ауылдық кеңестің төрағасы Кенже сәлем берген сәттерінде:
Менің де баламды үйретсейші, –дейді тамырын басып.
– Жазуы, оқуы қандай еді, Кәмен көке? – деп анау да дәмелендіріп қояды.
Мектептегі ең білгіш осы. Жазуы керемет!
Мұндай мақтауды бөтен көрмеймін, қысылмаймын да. Бәрі рас. Қазір топ жетекшісімін. Ұландар бөлмесін көрсе көз тоятындай етіп жабдықтадым. Бір кілті каникулда жүрсем де, менің қолымда. Күнделігімдегі бестік бағалардан көз сүрінеді. Маржандай төгілдіріп жазуда Әбдіраш ағайға еліктеп, төселіп қалғанмын. Көркем жазу машығына бейімділігім, мазмұндама мен шығарма жазудағы тіл дамыту үрдісім қабырға газетінің редакторлығы міндетін мойынға артты. Қоғамдық жұмыс деген бастан асады. Балалардың көпшілігі маған үйір.
Бір сапарда қалаға барғанда, Бәтес құдашаның үйінде түстеніп отырып, іргедегі оюлап тастаған қызыл күрең домбыраға зейілім ауа берді. Жездеміз Кенжеш ағаш ұстасы екен. Мен қызыққан дүниені өзі соғыпты. Тұрқы жыр алыбы Жамбылдың домбырасына келеді. Тамақ жайына қалып, қолым жүретін ән-күймен шағын бөлмеге күмбір-күмбір үн қостым.
Әкем төтесіне көшті. Қалауы – қызыл домбыра.
– Мына қарға тұяқ кенжетайым оқуда озат, өнерге іңкәр. Өмірлік серік ақжолтай олжасы болсын. Бер бізге домбыраңды, күйеу бала!
Шебер қипақтап, қатты қиналды. Құдаша да соның қас-қабағын бағады. Әкем қызыл құлақ он сомдықты алақанға қыстырды. Бата беруге ыңғайланды.
Қолыңа құт дарысын, айналайын!
Жезденің жүзі жібіді. Құдаша жекжаттық көпірі сыр бермегеніне мәз. Ана омырауынан зорға ажырайтын сәбиге ұқсатып, қолыма құс ұясына қондырғандай етіп домбыраны ұстатты. Төбем көкке жетті!
* * *
Үш ай каникул басқа жылдары өтіп болмайтын сияқты еді. Биыл олай емес. Пайдалы істің тығыны ашылды. Нәтіміз бала емес пе, арагідік ден сергітер, ой бөлер ойынға кезек береміз.
Түрлі-түсті орталық журналдардың бірінен дастарқан мәзіріндегі салат жасау туралы сілтемені оқыған кітапшылдар болып, тың ой тастадық.
Дала салатын дайындап көрейікші!
Ойыншылар иық қиқаңдатты.
– Оны қалай жасаймыз? Қаладағыдай бәрі табылатын базарымыз жоқ қой. Бұл сауалға жауабымыз дайын тұрған. Көмейіміз бүлкілдеп, мүмкіндік көзін санамалай жөнелдік.
– Кәрсе жақтан талай рет көсік қаздық емес пе? Оның сәбізден несі кем? Бұл – бір. Қаптай өскен көк жуа және бар. Тақырлықта сүт татитын қаракеней көп. «Қыземшек» бетте илан өседі. Осылардың басын қосса, салат болмай қайтеді?!
Уәжіміз көкейге қонғандай. Көз алдымызға тәрелке толы салат елестеп, қасыққа қол созу ғана қалғандай.
Ертеңіне келісім бойынша жабайы жемістерді жинастыруға тұс-тұсқа шашырап кеттік. Ауыл баласына қашанда қала дәмі таңсық. Тосын сыйды әркім өз үйінің дастарқанына ұсынбақ. Кенеп қалтадағы көсіктерді тазартқанда, сәбізден еш айырмасы жоқ. Көк жуа дегенің топан. Картоп тәріздес иланды қоламтаға көміп, пісіріп алдық. Бармақтай қаракеней мойылдай боп мөлдіреп шыға келді.
– Енді қаймақ қосса қатып кетеді! – деген қосымша ұсыныс та құп алынды.
Кітапхананың оқу залын қақ жарған ұзын столдың беті «дала салатынан» көрінбей кетті. Таң атты. Түс болды. Бірімізді-біріміз көруден қалдық. Үй ішіміздің де әбігері шықты. «Дала салаты» өзін ақтамады. Күні бойы ішімізді бүріп, сыртқа қарай зырлаймыз. Бәрін бүлдірген қаракеней екен. Салаттың қарамы азайған соң, қиқалап қосқанымыз бекер болды. Өзіміз де кіп алып едік. Алдымыз ауыл фельдшерінің іш ауруға қарсы түйме дәрілерін қылғытудамыз. Бүкіл ағарған аузымызға тосылды. Үлкендер қою күрең сүтті шайдан қағылды. Жаңалығымыз жазадан бетер болды. Ендігәрі мұндай әсіре қызыл тәуекелге бармайтынымыз талқыға жатпайтын ақиқат еді.