Диқаншылықпен дараланған дала мақтанышы
Еңбек етіп, еріншектікке салынбасаң, қара жер де құр қалдырмайтыны өмірдің өзі дәлелдеп берген үлкен философиялық тұжырым. Бір замандарда диқаншы баласына қарап «иығыңда кетпенің, осы кеткенің, кеткенің!» деп өзінше байлам жасаған болса, сол бір тәлімді тәмсілдің өміршеңдігі бірнеше ғасыр өтсе де құндылығын жоймаған. Атадан балаға мирас болған диқаншылықтың даналығы біреуге біліммен берілсе, енді біреуге өмірлік тәжірибе арқылы келеді емес пе?! Бүгінгі біздің әңгімемізге арқау еткелі отырған кейіпкеріміз өзі өмірден өтсе де, оны білетін жандардың жадында жарқын бейнесі мен бейнеті мол саланың саңлағы ретінде сақталып қалған. Айтпағымыз, Ақбай ауылында тіршілік етіп, талайлы тағдырының тұтас бөлігін қара жерге көрік берумен өткізген Бақыт Әлжанұлы Баекеев жайында болмақ.
Өмірінің соңына дейін диқаншылық кәсіп еткен кейіпкеріміз Бақыт бұл салада еңбек еткендердің озық үлгісіне айналған жан. Түгін тартсаң майы шығатын құнарлы өңірдің қарын тойғызатын өнімін алуда қарапайым тәсілді қолдана білген кейіпкеріміз бақша дақылдарымен қатар, жоңышқа, күріш өсімдіктерімен өмірінің соңына дейін өңір үздіктерінің көшін бастады. Тіпті 1992-1993 жылдары қызылша егуден рекорд орнатқан. Ал 1988 жылы Алтын күзде «Үздік Диқаншы» атағын алған. Биік белестердің бір парасына айналған бұл жетістікті Бақыт Әлжанұлының ұрпағынан өзге ауылдастары да мақтанышпен айтады. Қанмен берілген қасиеті арқылы дала дарынына айналған кейіпкеріміздің нәтижелі жетістіктерінің көшін «Еңбек Қызыл Ту», «Еңбектегі ерлігі үшін», «Ауыл шаруашылық саласының үздігі» ордендері мен бірнеше облыстық, аудандық мақтау қағаздары бастап тұр.
Заманында «Бригадир Бақыт» атанған атақты диқаншы Бақыт бір аяғы ақсақ болса да қара жерге егін егіп, «Ақбай» савхозынан өз алдына жеке бөлініп, «Ақпан» жеке шаруа қожалығын құрады. Бұл өткен ғасырдың 80-90 жылдары болатын. Қазіргі таңда Жер-Анадан ризық теруде алдыңғы қатардан көрінген еңбек адамының ізін ұлы, ауған соғысының ардагері Ақбай Баекеев және інілері Мейрамбек Баекеев пен Алтынбек Баекеев жалғастырып отыр.
Тақырыпқа арқау еткен жанның бақша тұқымдарын бір көргеннен айыра білетін қасиеті барын бірі білсе, бірі білмес. Ол кісінің тірі кезінде ауыл адамдары үйіне қолындағы тұқымның қайсысы жәмбілша, қайсысы қара қауын екенін сұрап баратын болған. Тұқымның қай қауын түріне тән екенін жазбай танитын қасиетке ие диқаншының талай қауынды будандастыру арқылы сәтті сынақ жүргізгенін де көз көргендер жақсы біледі. Еткен еңбектің далаға кетпегенін көрген диқаншылар санатындағы егінші түйірі 3-4 кг тартатын картопты да өсірген екен. Әрине «бұл қандай керемет» деп таңдана қарағанмен, «мүмкін емес» деген ішкі түйсік санаңызда тұрған шығар. Алайда ол кісінің бүгінгі ұрпағы аталарының осы бір жетістігін әлі күнге мақтанышпен айтып жүр.
Өмірі өнегеге айналған жанмен заманында қызметтес болып, еңбек майданында бірге бейнет көрген жандар да жоқ емес. Солардың бірі – совхоз директоры Әзберген Жақсылықов болса, енді бірі – бір кездерде «Ақбай» совхозында инженер-технадзор болып қызмет атқарған Өмірзақ Елмағанбетов есімді қарт. Бүгінде жасы 80-ге таяған Өмірзақ ақсақалмен тілдесіп, «Бригадир Бақыт» жайында ескі естеліктер білген едік.
– Заманында осы Арал қаласында ет және сүт бағытында «Приарал» деген совхоз болды. Әлі есімде, сол совхозға тиесілі 9990 бас сиыр еді. Қарамағында 4 ферма болды. Соның бірі Ақбайда тұғын. Мал азығындық шөппен қамтамасыз етуде сол ферманың орны бөлек еді. Сол замандарда егіншіліктің бастап қолға алына бастаған жылдары 1978 жылдары болатын. Ақбайда ферма жұмысын жандандырған Әзберген мен Бақыт еді. Сол кездерде алғаш 2 мың гектар жоңышқа, 275 гектар жүгері және 10 гектардай соя өсімдігі егілді. Ал бақша дақылдарына ол кезде айтарлықтай мән берілмеді. Соның өзінде 10 гектардай егілді. Мен де сол егіншілік жұмыстардың басы-қасында жүріп, Б.Баекеевпен талай қызметтес болдым. Техниканың бар уақытында егін өнімдерін жинастыруда бірге еңбек өтінде шыңдалдық. Мен білетін Бақыт өте жаңашыл әрі еңбекқор адам еді. Бір аяғын сүйрете басса да, он екі мүшесі сау адамның қолынас келмес жұмыстар істеді. Біз алғаш еңбек ете бастаған жылдары аудан бақша өнімдерін егуді дұрыс қолға алмаған кезі еді. Сол бастамаға алғаш болып кіріскендердің қатарында Әзекең мен Бәкеңдер болды. Қызылша егуден рекорд орнатуы да ол кісінің табанды еңбегі мен талапшылдығынан. Мұндай жандардың еңбегін билік бағалау керек. Б.Баекеев оған әбден лайықты тұлға, – деп сөз түйіндеді.
«Өнімнің жемісті болуы оны күтіп-баптауында» деп үнемі ізбасарларына айтып отыратын диқаншы Бақыт Әлжанұлының тәлімінен дәріс алған егінші ұрпағы бүгінде бір қауым елге айналған. Кезінде бақшалыққа өз қолымен еккен жасыл өскіндері қазіргі уақытта саялы баққа айналған. Сол секілді, диқаншы Бақыт пен оның өмірлік серігі болған Бибізада әжей екеуінен өмірге келген 3 ұл, 7 қыздан 47 немере, 10 шөпшек өсіп-өніп, өріс кеңейткен. Ұрпағымен мәуелі мекенге айналған Баекеевтер әулетінің абыз анасы Бибізада әжей бүгінде сол ұрпағының алдында марқайып отыр.
Негізі, кәсібіңді жан қалауыңмен жасасаң, қай салада болмасын шыңға шығуға болады. Біз әңгімеге арқау еткен кейіпкеріміз өз кәсібіне деген адалдығының арқасында диқаншылықтың астарында даналық жатқанын ұғындырып кеткен жан. Қоғам тынысына дем беріп, қауым елдің жан қалауына айналған, бейнеті мол саланың шын шебері Бақыт атаның өзі сырласқан Жер-Ананың құшағына құндақталғанына да биыл 17 жылдың жүзі болыпты. Алайда оны білетін ауылдастары мен осы саланың жанашырлары тұрғанда, диқаншының биік болмысы мен ел білетін есімі мәңгі жасай бермек. Мұндай жандарға қандай құрмет көрсетсек те көптік етпейді.
А.Бисенов.