Абызы еді Аралдың...
Арал өңірінің ардақты азаматы, былайынша айтқанда абызы Әбілхан Махановтың 2006 жылы «Жұдырықтай жұмыр жер» атты кітабы жарық көрді. Кітап Әбекең өмірден озғаннан кейін, 15 жылдан соң шықты. Осы орайда кітаптың баспадан шығуына Әбілхан Маханов шығармасын ұзақ жылдар бойы жинап зерттеген филология ғылымының кандидаты, фольклоршы, жерлесіміз Берік Жүсіпов пен кітапқа демеушілік жасаған сол кездегі аудан әкімі Нәжмадин Мұсабаев болғанын айту ләзім. Кітап қолға тигенше Әбекеңнің арқалы ақын екенін бірге жүрген қызметтестері де, барша қауым да білген жоқ. Оны тек Аралдың гимні болған «Аралым – айдын шалқарым» атты термесі арқылы ғана білді. Осынау тамаша шығармалар жазып, артына өшпес мұра қалдырған Әбілхан Маханов кім еді?
Әбілхан Маханов 1922 жылы Қазалы ауданының Қорғанша деген ауылында дүниеге келген. Әкесі Қойбастың Маханы ескіше оқыған сауатты адам болған. Кеңес заманы кезінде партия мүшесі болып, он бес жылдай ауылдық кеңес төрағасы болған. Біршама дәулеті бар, ауылдың атқамінері болғасын, Маханның үйі әрдайым қонақ-қопсыдан арылмаған. Сондықтан Әбекеңнің жастық шағы еш қиыншылықсыз, қам-қарекетсіз өткен. Әбекеңнің шешесі Бибайша да текті жердің қызы болатын. Ән-жырға әуес, ескі қиса-дастандарды көп білген. Сондықтан ол үйге ел ішіндегі жыршы-жыраулар жиі келіп, әңгіме-дүкен құратын. Атақты жыраулар Дәріқұл, Жәмет, Кәрібоз, Жаңаберген, Жаппарберді тағы басқалар Нұртуғаннан, Балқы Базардан, Шорайақтың Омарынан, Қарасақал Ерімбеттен жыр-термелер айтып, Маханның қара шаңырағында таң атқанша отыратын көрінеді. Бұл туралы Әбекең өзінің «Соңғы» өлеңінде:
Ит жылы дүниеге мен келіппін,
Үйінде қуаныш боп Махан қарттың
Алынған топырағым Қазалыдан,
Руым – Қаракесек Ұланақпын.
Мейірбан ата-ананың аясында,
Дәурені шат боп өткен бала шақтың, – деп жырлаған.
Оның үстіне, Әбекеңнің нағашы жұрты да тегін адамдар болмаған. Нағашысы бүкіл Сыр өңіріне белгілі атақты Жансүгір (Сары жырау) еді. Осылардың әсері болу керек, Әбекең 1956 жылдан 1991 жылға дейін, яғни қайтыс болғанша мәдениет саласында жұмыс істеп, атақты шайырлардың толғауларынан жыр-термелер айтып жүрді. Әбекең шығармалары негізінен 1944 жылдан сол өмірден өткен 1991 жылға дейінгі аралықты қамтиды. Ол екі мың жолдан асатын жүзге жуық өлең жазған. Кеңес заманында туып, жаймашуақ өмір сүрді десек те, Әбекең қилы-қилы кезеңдерді басынан өткерген. Оның бірқатар өлеңдері сол жылдарға, балалық, жастық шағына, соғыс жылдарына арналған. Сол жылдарда «Өзіме», «Біздің ауыл», «Қыл мойын», «Дүниенің оқшау бір бөлігінде» атты өлеңдерін жазған. «Өзіме», «Біздің ауыл» өлеңдерінде өзінің жастық шағын, туып-өскен ауылының бейнесін суреттесе, «Дүниенің оқшау бір бөлігінде» атты өлеңінде:
О, дарих, қосылар күн болар ма екен,

Кір жуып, кіндік кескен туған елге,– деп өзінің ауылдан жырақ кетіп, оқшау қалғандағы елге деген, ауылға деген сағынышын білдіреді.
Әбекең өлеңдері әртүрлі тақырыптарды қамтиды. Онда табиғатта, махаббатта, өнерде, өсиетнамада, жай ғана дос-жарандарына арнап жазған өлең хаттарда кездеседі. Әбекең өлеңдеріне зер салғанда, оны негізінен екі топқа бөлуге болатын сияқты. Бірі – Аралға деген, теңізге деген, теңіздің болашағына толғанып, күйзеліп жазған өлеңдері. Мылалы, «Кездестік ауыр сырқатқа» деген өлеңінде: Желкесі бүкір сазанның,
Аңсаймыз тәтті сорпасын.
Сор басқан қазір Аралдың,
Түрінен қатты қорқасың, – деп, күннен-күнге тартылып бара жатқан теңізге уайым етеді. Немесе:
Жаным әке, кінә тағар ойым жоқ,
Не істемекпін, ой бөлініп, уайым көп,
Қасиетті ата-баба қонысы,
Қала ма артта сағынышты сағым боп...
Еміс-еміс естіледі сырт хабар,
Нақты бір іс көрінбейді жұрт нанар.
Теңіз қайта Аралыма оралып,
Күн туар ма сор бұғаудан құтқарар,– дейді.
Ал «Жұдырықтай жұмыр жер» атты өлеңінде:
Жұдырықтай жұмыр жер,
Жағдайың ауыр бұл күнде.
Жиналған апат жойқын күш,
Күтіп тұр түйме түртуге.
Аспаннан жасын түскендей,
Қас-қағымға апармай,
Жоқ қылар сені бір күнде.
Бауырыңда өскен перзентің,
Күлкіден қалып үркуде.
Адамның асыл бесігі,
Қалайша түстің бұл күйге,– деп өзінің теңізге, туған жерге деген сүйіспеншілігін, махаббатын білдіреді. Барша қауымға: «Енді қарап отырмаңдар, бір тіршілік жасаңдар» дегендей үндеу тастайды. Әбекеңнің осы сөздері самал желмен сыбырлаған құлақтай бірте-бірте ел аралап, құлақтан-құлаққа ауысып, тіпті жоғарғы орындарға да жеткен болу керек. Елбасы бастамасымен, қалды туған жерге деген жанашыр басшы азаматтардың қолдауымен ғасырлық Кіші Арал құрылысы қолға алынып, Кіші теңіз жасалды. Қазір оның ырзығын аудан халқы көріп отыр.
Әбекеңнің екінші топтағы өлеңдері оның өмірге деген көзқарасын білдіретін пәлсафалық, өсиетнамаға арналған. Бұлар негізінен кейінгі ұрпаққа үлкен ой салатын философиялық тұжырымдарға құрылған өлеңдер. Бұлардың басым бөлігі шайырлық стильмен Балқы Базардың, Омардың, Қарасақал Ерімбеттің, Нұртуғанның ізімен жазылғаны байқалады. Мысалы, «Ақ қағазға жыр төксем» деген өлеңінде:
Ақ қағазға жыр төксем,

Адамзаттың белгісі.
Қайраты мен ақылын,
Аямас туған халқынан,
Болатын жастың белгісі.
Болатын жастың белгісі.
Қияға сермеп құлашын,
Ұмтылып алға талпынған,
Сақилықтың белгісі.
Мырзалық етсе қолынан,
Сұрамас баға нарқынан,
Сұлулықтың белгісі.
Не қиындық көрсе де,
Жаны бірге сенімен,
Айнымас асыл қалпынан.
Жаман адам белгісі,
Ағайынға жік салып,
Ылаңы жұртты шарпыған.
Ойласаңдар, жігіттер,
Татулыққа не жетсін,
Бөліп жеген жарты дән.
Алдамшы дүние өтеді,
Алдамшы дүние өтеді,
Азғана күнгі паңқыған.
Әбекеңнің осы бағыттағы өлеңдерін оқығанда, оның Сыр өңірінің соңғы шайыры екенін байқауға болады. Әбекеңнің бірқатар өлеңдері махаббатқа, сұлулыққа арналған. Мысалы, «Соңғы» өлеңінде:
Қосағым, қоштасайын қолыңды бер,

Кәусарын бөліп ішкен бал-бұлақтың.
Өзіңмен жиырма жылдай сүрдім дәурен,
Сайраңдап саясында алма бақтың.
Кіршіксіз көңілің таза, жаның адал,
Сақтаған қасиетін жар болмақтың.
Ойыңа зәре-қайым түсіріп жүр,
Есімін ерте кеткен мен бейбақтың.
Бұдан артық махаббатқа, сүйіспеншілікке деген қандай адалдық, тазалық керек. Кіршіксіз адал махаббатты жырлаған бір адам болса, осындай-ақ болар.
Әйелдер тезек терген ұстап алған,
Сұлулық енді іздейсің қай жағынан,– деп сұлулықты жырлай отырып, тақырып өзегін мүлде басқа арнаға аударады. "Ей, адамдар табиғатты аялаңдар, қоршаған ортаны сақтаңдар" деп қазіргі таңда күрделі мәселеге айналып отырған экологиялық тақырыпты қозғайды. Әбекеңнің мұндай қалтарысты терең мағыналы өлеңдері көп-ақ.
Әбекең бір жылдарда айтыскер ақын да болды. 1982 жылы облыста ақындар айтысы өтетін болып, соған Аралдан бір айтыс ақынының қатысуы тиіс болды. Сол кезде Аралда Ақтөкен (Төлебай) деген суырыпсалма ақын бар еді, соны жіберейік деген шешім болды. Бірақ ол "менің сауатым аз, саясаттан хабарым жоқ" деп келісімін бермеді. Амал жоқ, Әбекеңе қолқа салуға тура келді. Бастапқыда ол да бұрын айтысқа түсіп көргенім жоқ деп, қашқақтай берді. Бірақ көпшілік қолқалап қоймаған соң көнуге мәжбүр болды. Осы айтыста Әбекеңнің «Аралым – айдын шалқарым» атты атақты термесі дүниеге келді.
Әбекең өте сауатты, жан-жақты адам еді. Ол екі тілге де бірдей жүйрік, әдебиеттен де, тарихтан да, педагогика, психологиядан да, тіпті физика мен медицинадан да хабары мол еді. Ол қай тақырыпқа сөйлесе де еркін көсіліп сөйлейтін. Оның үстіне ол өте мәдениетті адам еді. Ешкімнің көңілін қалдырмайтын. Үлкенмен үлкен, кішімен кішідей тең сөйлесетін. Әбекеңмен ұзақ жыл қызметтес болғандар оның біреуге жағдай айтқанын, иіліп, кішірейгенін немесе үстемдік көрсеткенін көрген емес. Қиянат, әділетсіздік, жаманшылыққа жаны төзбейтін. Ол "мен осындаймын" деп мақтануды да білмейтін. Жазған өлеңдерін кезінде баспаға бермей, жинап тастай берген. "Атағымды шығарайыншы" деп ойламаған.
Бір сөзбен айтқанда, Әбекеңнің өлеңдері түсінген адамға кейінгі ұрпақ үшін тәрбиелік маңызы зор ғибрат аларлық мұра.
Жақсыбай ТӨРЕБЕКОВ,
мәдениет саласының ардагері