Бала емес, тұлға тәрбиелеу маңызды

Біздің еліміздегі нарық заманында адамдардың экономикалық белсенділігі мен ынтасын жаңарту, жас ұрпақтың жаңаша өмір сүруіне қызмет етуіне жағдай жасауда болып отыр. Жасөспірімдерді кәсіби бағыттау барысында олардың мамандыққа деген тұрақтылығы мен өзінің қабілеттілігін көрсете білу, болашақ мамандығына байланысты оқу пәндерін тереңдеп оқу маңызды. Сондай-ақ болашақ қызметінің талаптарына жауап беретін жеке басының қасиеттерін дамыту мен еріктілік және сенімділік қасиеттерді қалыптастыру, өзінің еңбек қызметі, мамандық әлемі, еңбек нарығының жай-күйі туралы түсінік беру де ұстаздардың құзырындағы еңбек. Айта берсек баланы тұлға ретінде қалыптастыру жолында мұғалімнің еңбегі орасан.
Осы мақсаттарға жету үшін оқушылармен, ата-аналармен, басқа пән мұғалімдерімен бірлесе жұмыс істелуі қажет. Демек, оқушы мен ұстаз бір-бірінің жан дүниесін түсініп, ортақ іс-әрекеттің барысы мен нәтижесін бірігіп талдауы, бұл кәсіптік бағдар берудегі басты міндет. Жасөспірімдерді білімді, жан-жақты етіп өсіруге әрбір ата-ана, мектеп және бүкіл жұртшылық болып жұмыла кіріскен нәтижелі болады.
Сондықтан оқушылардың сабақтан тыс білім үйірмелеріне қатысуы маңызды. Үйірмені ұйымдастыру мақсаты –балалар мен жасөспірімдердің дарындылығы мен шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәжірибелік іс-әрекеттер, іскерлік пен дағдыны қалыптастыру, ғылым мен техникаға деген қызығушылығын арттыру. Үйірме сабақтары, оқушылардың жалпы және арнайы білімдерін кеңейтуге көмектеседі.
Бүгінде біздің мектепте де бұл бағытта елеулі жұмыстар атқарылып келеді. Елдің болашағы үшін баланың бағбандары әлі талай шәкірттің жетілуіне еңбек етеріне сенім мол.
Серік МЫРЗАҒАЛИЕВ,
№260 орта мектептің қосымша білім беру педагогы