Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Ұйқысыз түнгі тәтті ойлар

Ұйқысыз түнгі тәтті ойлар

– Папа, папа! Телевизорды қара, жап-жаңа үйлер құлап жатыр... – деген баласы Нұрперзенттің аптыға айтқан сөзі Тела¬ғыстың тұла бойын тітіркентіп жіберді.
Алдындағы қағаздарын ысыра салып теледидар алдына келсе, құлап жатқан Қарағанды қаласының құрылыстары. Бес қабатты тұрғын үйлердің сапасыз салын¬ған¬дығы жайлы мұнан бұрынғы хабар¬лар¬да да айтылған. Енді міне, сол құрыл¬ыстар балалардың бұзылған ойыншық үйлеріндей жермен-жексен, опат болып жат¬ыр. Әйтеуір адамдар аман, Алла сақ¬таған ғой. "Кемедегінің жаны бір" деген¬дей, құрылыстардағы осындай жайсыз жағдайларды көргенде мұның да жаны жай таппайтын. Өйткені құрылысшы болғандықтан ба, мұндайда өзін де солар¬дың қатарында тұрғандай сезінетін.
Осы бір құрметі мен қиындығы, абыр¬ойы мен азабы мол кәсіпке қалай келіп еді?..
Иә, 1977 жылы Шижағадағы №57 ор¬та мектепті алдыңғы қатарда бітірді. Әкесі Қонысбай ұста, шебер адам еді. Содан ба, бұл да соған еліктеп құрылысшы болу¬ды қал¬ап, Шымкент қаласында¬ғы химия-технологиялық институтының құрылыс факультетіне құжаттарын дай¬ындады. Бір күні үйіне жазушы Сайлау¬бай Жұбат¬ыров келді. Бұл кездері ол Алматы қала¬сын¬да тұратын. Жазушылық атақ-дәре¬жесі жаңа дүркіреп тұрған кезі. "Телағыс, да-вай, Алматыға жүр. Одан да күшті уни¬вер¬ситетке түсіремін" деп қолқа салды. Жақындығы бар, жаны ашып айтқаны да. Қанша үгіттегенімен Ал¬матыны іші қала¬ма¬ды. Күндер өтіп бара¬ды. Шымкентке барып құжат тапсыра¬тын уақыт та таяды. Тез баратын тек самолет қана. Би¬летке таныс керек. Содан әкесінің сол кез¬дері аудан түгілі респуб¬ликаға танымал, Авто¬ба¬заның директоры Оразғали Ереке¬шов¬ке барғаны бар. Бұл далада. Бір уақытта қолында тілдей қағазы бар әкесі шықты.
– Балам, ағаның Алматыдағы ауыл ¬шар¬уа¬шылық институтында бір танысы бар екен, соған қағаз жазып берді. Сен оқуға түстің. Құжаттарыңды соған тапсырасың, – деп қарап тұр.
Телағыстың маңдайы терлеп кетті.
– Жоқ, әке, мен Шымкентке барамын, – деп алған бетінен қайтпады.
Содан құдайдың бұйыртқаны осы шы¬¬¬ғар, Шымкентке шақ жетіп, құжатын тап¬сырып үлгерді. Емтихандардан сүрін¬бей өтіп, 1982 жылы осы институтты ин¬жен¬ер-құрылысшы мамандығы бойынша біті¬ріп шықты. Сол жылы әскер қатар¬ы¬на ал¬ы¬нып, Ресейдің Красноярск өлкесін¬де азବматтық борышын өтеді. Алғашқы кез¬де рота командирінің орынбасары, кейін құрылыс учаскесінің бастығы бол¬ды. Мұнда негізінен әскери құр¬ылыс нысан-дар¬ын салумен айналысты. Ауылда өскен Телағысты 5-10 қа¬батты зәулім тұрғын үйлер, өзіндік ар¬хитектуралық ер¬екше¬ліктері бар құпия әскери құрыл¬ыстар күн¬нен-күнге қызық¬тыра түсті. Ин¬ститут қабырғасында алған теориялық білімін мұнда тәжірибеде іске асырды. Құр¬ылыс нысандарын сметалық негіздемелері бойынша орын¬дау, сызба¬лар¬¬ды зерделеу, ат-қарылған жұмыс көле¬мін есептеп шығару, ең аяғы уақытылы наряд толтыру сияқты талап¬тарды да осында жүріп үйренген-ді. 1984 жылы екі жылдық әскер қатарын¬дағы азаматтық борышын орын¬да¬ған Тел¬ағыс Жылмағамбетов ауылға өз ма¬мандығы бойынша үлкен әзірлікпен кел¬ді. Жоғары білімді, екі жылдық тәжі¬ри¬бесі бар жас маман еш қиындықсыз сол кездегі "Приарал" кеңшарына құрылыс шебері болып қызметке орналасты. Әскер қатарында ал¬ып құрылыстардың басы-қасында бол¬ған Телағыс үшін шаруашы¬лықтағы мал¬шылар үйі, мал бордақылау алаңы, сауын комплексі сияқты объек¬ті¬лерді салу де¬ген¬дерің баланың ойынын¬дай болып көрін¬етін. Кейін аудандық агроөнеркәсіп бір¬лестігіне ауысып, төра¬ғаның құрылыс са¬ласы бойынша орын¬басары қызметін ат¬қарғанда да құрылыс нысандарының са¬пасына ерекше ден қойды.
Ел тәуелсіздігін алған кезеңде әкім¬ші¬лік аппаратына алынып, мемлекеттік қыз¬метке араласты. Онда да құрылыс саласы. Кеңес Одағы ыдырап, одақтас елдер ара¬сындағы өзара байланыс үзілген шақтағы алғашқы қиындықтар құрылыс жұмыс¬тарын тұралатып тастады. Біткелі тұрған құрылыстардың өзі аяқталмай қаңырап қалды. Жаңа құрылыс салмақ түгілі, пай¬даланып отырған ғимараттардың өзін жөн¬деуге жөнді материалдар табылмаған, бір тақтай, бір уыс шегенің өзі қат кездер бол¬ды. Қаншама құрылысшылар кәсібі¬нен айырылып, ел кезіп кетті. Алтын қол¬ды адам¬дардың халі аянышты-ақ. Сол кездері Арал қаласының маңындағы бар-лық әс¬кери гарнизондар Ресейге көшіріліп, көп қабатты тұрғын үйлер, сәнді сауда, мәде¬ни-тұрмыстық, өндірістік орындары бар үш әскери қалашық қаңырап бос қал¬ды. Олар аралдықтарға таусылмас несібе болды. Есебін тапқандар еншісіндегі мүл¬іктей ием¬деніп, күн-түн демей бұзып, кімге кір¬піш, кімге темір тұрба, бетон плита, ірге¬тас керек, соларды бөлек-бөлек жинап, сат¬ты, айырбастады, сөйтіп күнкөріс көз¬іне айналдырады ғой.
Сол әскери қалашықтағы құрылыстар¬ды аралдықтар 15-20 жыл өтсе да қиратып тауыса алмады ғой. Өйткені ол ғимарат¬тар¬ды бульдозермен соғып, трактормен тар¬тып, сваркімен кессең де құлатып, қира¬ту¬¬ың қиын еді. Құрылыстағы са¬па деп со¬ны айт, құрылысшы деп со¬ларды сал¬ған¬дар¬ды айт. Ал мына, Қа¬рағандыда жыл өт¬пей жатып қирап жатқан құрылыстарды салған құрылысшы¬ларға не дерсің. Сол тұрғын үй ны¬сан¬дар¬ын жо¬балауда, оның салыну бар¬ысын бақ¬ылауда, соң¬ын¬да біткен үй нысандарын жо¬ба¬лау-да, оның салыну бар¬ыс¬ын бақы¬лау¬да, соң¬ында біткен тұр¬ғын үй¬лерді қаб¬ыл-дауда мемлекет¬¬¬тік қызметкерлер де бо묬ды ғой. Сонда, хал¬ыққа қызмет ет¬етін мемлекеттік қызметкер¬дің міндеті қайда, хал¬ықтың мүддесі қайда?!
Осылай ой түйіндеп то묬қыған Телағыс са¬ғаты¬на қа¬раса он екі болыпты. Баласы Нұр¬перзент те, жол¬дасы Даража да тәтті ұй¬қы¬ның құшағында екен. Қораптан бір темекі суы¬рып тұтандырды да, сорап¬тай тартып, тысқа шықты. Аралдың айлы түні көктем¬нің қоңыр салқын ылғалды ауасы жанға жағып барады. Ұйқысы келер емес. Осын¬дайда өткен күндер ойға орала бере¬ді.
Құдайшылығымызға ке묬іп, ақиқатқа жүгінсек, ал¬ды¬мен еліміздің экономикалық жағдайының жақ¬сар¬¬ға¬ны шығар, сонымен бірге ау¬данға іскер азамат Нәжмәдин Мұсବбаев әкім бол¬ып келген 2004 жылдың екінші жартысынан бастап, құрылыстар¬дың тал¬ай жыл тартылып қал¬ған тамыр¬ына жан кіре бастады. Өзінің ма¬мандығы құрылыс¬шы болғандықтан жаңа әкім ең алдымен осы салаға ерекше ден қой¬ды. Ауданда жа¬ңа мектептер, балабақша, мед¬пункт, мәде¬ниет үйлерін салу, жаңа алаң, аллеялар аш¬ып, еңселі ескерткіштер ор¬натып, аудан ор¬талығын абаттандыру жұмыстары атау¬лы жылдар аясында кеш¬енді түрде қолға алынды. Ол кезде құрылыс бөлімін басқаратын. Мазасыз әкіммен жұмыс істеу қыз¬ық та, қиын да болды.
2005 жылдың наурыз айы болатын. Бір күні аудан әкімі кеңес өткізіп, алдағы сәуір айында ауданымызға Президенттің келеті¬ні, оған дейін жаңа объектілер ашу керек¬тігін алға тартты. Солардың ішінде бүгін¬нен бастап қолға алынатын орталық алаң¬нан "Тағзым" алаңын ашу қажеттігі мін¬дет¬-телді. Кеңеске аудандағы көптеген құр¬ылыс инженерлері, Қызылорда, Шым-кент қалаларының белгілі суретші, мүсін¬шілері қатысып, "Тағзым" алаңы архитек¬туралық жобасына конкурс жарияланды. Қоры¬тын¬дысында кеңеске қатысушылар¬дың бәрі дерлік Телағыстың архитектура¬лық сызбасын мақұлдады емес пе? Енді оны жеделдетіп іске асыру керек. Ол үшін Ұлы Отан соғысында майдан даласынан орал¬маған аралдық алты мың боздақтың аты-жөнін мрамор тақталарға қашап жазу, оларды ретімен биік қабырғаға орналас¬тыру, оның алдында баспалдақты тұғыр жасап жауынгер анасының алып бейнесін орнату, мұнымен бірге 16 Еңбек Ерлері мен Кеңес Одағының екі батырының суреттері мен аты-жөні жазылған тұғырлар жасау сияқты "Тағзым" алаңының кешенді салта¬на¬тын көрікті көрсету міндеті тұрды. Жо¬ба бекіген соң жұмыс күн-түн демей қызу жүрді. Құрылысшылар электр шамдары¬ның жарығымен таңғы сағат үшке дейін жұмыс істеді. Жұмыс барысы күн сайын қорытындыланып тұрды. Жоба авторы әрі құрылыс бөлімінің бастығы ретінде Телағыс Жылмағамбетов пен осы жұмысқа жауапты аудан әкімінің орынбасары Ер¬сайм Раймбетов те "Тағзым" алаңы біткен¬ше күндіз-түні басында болды. Президент¬тің келетін күні таяған сайын құрылыс¬шы¬ларда дамыл болмады. Осындай үлкен ұйымшылдық, жауапкершілік¬пен "Тағ¬зым" алаңы өз уақытында бір жарым айда сал¬ын¬ып бітті. Аралға арнайы іссапармен кел¬ген сол кездегі Президентіміз Н.Назар-баев "Тағзым" алаңы¬ның ашылу салтанатына қаты¬сып, көгілдір лентасын қиды. Алғаш¬қы гүл шоғын қойып, боз¬дақтар рухына тағзым етті. Осылайша Президенттің Арал¬ға сапары үлкен абыроймен аяқ¬т¬алды. Оған ауданның көптеген азаматтары ат¬салысты. Солар¬дың арасында Телағыс¬тың да есім¬і¬нің айрықша аталғаны бар. Мемлекеттік қызметке осындай кіршіксіз берілгендік оны ау¬дан әкімінің сеніміне кіргізе білді.
2005 жылдан бастап аудан¬да құрылыс ауқымы күн санап кеңейе түсті. Кеңес Одағы кезін¬де 70 жылда салынбаған құры¬л¬ыстар енді жыл сайын салы¬нып жатты. Бұрын әр бесжыл¬дық¬та бір мектеп бой көтерсе, бүгінде республикалық, облыс¬тық, аудандық бюд¬жет есебінен жылына 4-5 мектепті жаңа¬дан салу жоспарға енді. Келе-келе ау¬дан¬дағы барлық қала, кент, ауылдық округ¬терден мектеп, мәдениет, медициналық орындар мен әкімшілік үйін жаңа үлгіде қайта салу міндеті қойылды. Соңғы жыл¬дары оған округ орталықтар¬ынан бала¬бақша ашу бастамасы қосылды.
Аудан әкімінің талабы, аудандық құр¬ылыс бөлімінің іскерлігі арқасында бұрын-соңды болмаған мұндай ауқымды жос¬парлар жүзеге асып, өз нәтижесін беріп келеді. Небәрі үш-ақ адам жұмыс істейтін аудандық құрылыс бөлімі арқылы 2 мил¬лиард теңгенің қаржысының игерілуі де бұл саланың үлес салмағының ауыр екенін аңғартады. Осыншама қаржылар арқылы қаншама құрылыстар салынып, қаншама адам жұмысқа тартылып, күнкөрісін түзеп отыр десеңізші. Не деген керемет! Аудан құр¬ылысына жыл сайын миллиардтаған қаржы құйылып жатса, жаңа нысандар жар¬ыса бой көтеріп, бірінің артынан бірі пай¬далануға беріліп жатса, қалайша масат¬тан-байсың. Бәрі жақсы, айтарың жоқ!
Бірақ... бірақ...Телағыс тағы бір түйір темекіні тұтат¬ып тістене тартты. Көңілі қобалжулы. Жүз¬інде әлгі қуаныштың ізі де қалмаған. "Бірақ" деп барып тағы ойланды. Сол кере¬меттердің астарына шындап көз салсаң, көп-теген кемшіліктер, шешімін күткен мәселелер көмулі көмбедей жатқан жоқ па деп бір тоқталды. Олай дейтіні қазіргі құрылыс саласының қалыптасу жүй-есіне, даму деңгейіне Телағыстың көңілі тола бер¬мейтін-ді. Мүмкін кешегі кеңестік кезеңдегі құрылыс ұжымдар¬ының жұмысына қалыптасып қалғандық¬тан шығар. Ол уақ¬ыттары құрылыс жұм¬ыстарын техника¬лық базалары берік ірі трест, ПМК-лар атқаратын. Онда мемлекет мүддесі, құры-лыс сапасы бірнеше кезекте тұратын. Ал қазір тек өз пайдасын ойлай¬тын, кәсіпкер¬ліктің көзінен өткен, техни¬ка¬лық базасы, құрылыс маманы не жұмыс-шы күш жоқ, тек құрылыс салуға рұқсат қағазы, банкте есепшоты бар жеке тұлға¬лар жұмыс істеп жүр. Олар қайтеді дейсіз ғой, есебін тау¬ып 400-500 миллион теңге¬лік ірі құр¬ылыс нысанын тендерден ұтып алу бой¬ына жекелердің техникаларын жалдап, көне¬нің көзіндей бұрынғы құры¬лыс ма-ман¬дарын пайдаланып, жұмыссыз жас¬тар¬ды азын-аулақ айлық жалақымен жұмысқа тартып жоқтан бар жасайды.
Мұнымен бірге қазір құрылыс маман¬дары жетіспейді. Олардың алды 55-60 жас аралығында. Жастар құрылысшы ма¬мандығына қызықпайды. Көбіне жұмысы жеңіл, айлығы көп мамандыққа құш¬тар. Ал жоғары оқу орындарын бітіріп кел¬гендердің тәжірибесі жоқ.
Соңғы кездері салынған, салынып жат¬қан құрылыс жұмыстарының сапасына көп сын айтылып жүр. Әрі дұрыс айты¬лады. Телағыстың пайымдауынша, оның бірнеше себептері бар. Біріншіден, белгілі объ¬ектіге жасалған жоба-сметалық құжаттарының сапасы өте төмен. Бұрын жобаларды әр сала бойынша (жылу, су, электр, сәулет, т.б.) жасап беретін, 40-50 адамнан тұратын жобалау институты дайындайтын. Ал қазір бұрын құрылыста жұмыс істеп көрмеген, бір компьютермен бір-ақ адам айналысып отыр. Жете зерт¬теу, талдаудың жоқтығынан жоба¬да көп¬теген кемшілік, қател¬іктер кет¬іп жатады. Екін¬шіден, жобада қаралған құрылыс матер¬иалдар¬ының көбісі сырт¬тан әкелінеді, ал нормада белгілі бір қашықтықтан тасы¬малдау ғана қаралған. Яғни, ол 20-30 шақырым деп көрсетілген. Басқа тасы¬малын айтпағанның өзінде, құрылыс жұмыс¬тары жүріп жатқан елді мекендердің аудан орталығынан 100-200 шақырым қашықтықта орналасқанын ес¬керсек, жобадағы бұл норма Арал аудан¬ын¬да көп қиындық туғызуда. Мұнымен бірге 2002 жылғы бағалау нормасына не¬гізделген құрылыс материалдарының құны қазіргі аспандап кеткен бағамен сәйкес келе бермейді. Үшіншіден, құры¬лыс жұмыс¬тары "Мемлекеттік сатып алу" заңына сәйкес конкурс арқылы өтеді. Заң¬ды орындау міндетіміз, дегенмен құры¬лыс ұжымдарына қаржыны үнемдеу де¬ген желеумен белгілі бір объектінің мемлекеттік сараптамадан өткен сме¬та¬лық құнын конкурстарда 10 пайызға дейін төмендетуге мүмкіндік беріл¬ген. Яғни конкурстан ұтып алушы мекеме 500 миллион теңге тұратын объектінің құнын 10 пайызға төмендетсе, 50 мил-лион теңге үнемделеді екен. Сонда құрылыс мекемесі оның құнын немен толтырады, әрине көз¬бояушылықпен. Міне, құрылыстардағы сапа¬сыздық алды¬мен үнемдеуден басталады.
Құрылыс саласындағы осындай кем¬ші¬лік¬¬терді болдырмау үшін не істеу керек? Бұл – Телағысты көптен ойландырып жүрген мәселе. Ең бастысы – әр іске мем¬лекеттік мүдде тұрғысында қарап, талап қоя білу, жауапкершілікті арттыру. Олай дейтіні биылғы жылдан бастап құрылыс¬қа рұқсат (лицензия) беру шарттары күш¬ейтілуде. Ол үшін енді лицензияны меке¬менің жұмыс өтіліне, матералдық-техни¬ка¬лық базасына, салған объектілеріне қар¬ап, санаттарға бөліп, жұмыс түрлерін әр санатқа сәйкес атқару үшін беру кер¬ек. Мұндай талаптар жобалаушы мекеме¬лерге де қойылуы тиіс. Конкурстарды элек¬тронды түрде өткізудің тиімділігі зор.
Осындай сәулелі ойлардың көңіліне қонақтауы мұң екен, Телағыстың бойынан ауыр жүк сыпырылып түскендей өзін жеңіл сезінді. Түн ортасы болса да ұйқы келер емес. Ұшқыр ойлар Телағысты қол-аяғын жерге тигізбей қиял қанатына қон¬дырып, арман биігіне көтеріп келе жат¬қандай. Қара ормандай қаптаған құрыл¬ыс¬тардың арасынан сәнді сәулет-салтана¬тымен бой көтерген "Тағзым", "Тәуелсіз¬дік", "Даңқ", "Ғашықтар", "Ақ кеме", "Жа¬лаңтөс Баһадүр" алаңдары мен "Құрметті азаматтар", "Батыр Аналар", "Рәміздер" аллеялары жарық жұлдыздай жарқырап көрінеді. Осының бәрінде де Телағыстың сәулетші-құрылысшы ретінде өз қолтаң¬басы, шығармашылық шеберлік, ізденіс-толғанысы жатыр. Ондағы әр монумент, ескерткіштің өзіндік сыры бар. Өткен "Мың бала" жылында оның құрметіне "Даңқ" алаңын салу жоспарланды. Оған бірнеше жобалар ұсынылды. Солардың ара¬сында биіктігі 20 метрлік монументтің басына шаңырақ, оның үстіне қыран қонған Телағыстың жобасы жеңіп шықты. Жұм¬ыс біткеннен кейін бір азамат: "Мынау дұрыс емес, қыран ешуақытта шаңырақ¬қа қонбайды, тау шыңына, қияға қонады. Бұл қыранды қорлау" деп пікір айтты. Аза¬маттың сөзі Телағысқа атқан оқтай тиді. Өйткені қыранның шаңыраққа қонған¬ын өз көзімен көрген-ді. Жас кезі. Бір күні әкесі қақпанға түскен бала қыранды үйге әкеліп, аяғын емдеп бақты. Әлгі қы¬ран жазылып өсе келе қозы-лаққа, ешкі-қойға маза бермеді. Ешкінің екі мүйізін екі аяғы¬мен шеңгелдей қысқанда жан-уар ба¬ладай бақыратын. Әкесі қайбір бүркітші дейсің, маза бермеген соң оны шынжыр¬лап бақты. Оған да көнбеді. Бір күні әлгі қыран темір шынжырды үзіп ұшып кетті. "Енді келмейтін шығар" деп едім, әкем: "Ол қайткенде де үйге бір соқ¬пай кет¬пей¬ді, келеді" деді. Бірнеше күн өткен соң қыранның үйінің шаңырағының үс¬тіне қонып отырғанын көрген. Салақта¬ған шын-жырын алып тас¬тағысы келіп ұстауға әрекеттенген әкесі¬нен үріккен қыран қа-натын қом¬дап, келген жа¬ғына ұша жөнел¬ді. Бұл оның соңғы келуі әрі қоштасуы екен. Телағыс "Даңқ" монументінің сәу¬летін сызғанда осы оқиғаны негізге алған.
Сол тұста бір жерлесі: "Мұнан мен ешқандай қателік көріп тұрғаным жоқ. Қазақта "Бақыт құсы басыңа қонсын" де¬ген жақсы бата бар. Қыран да бақыт құсы, оның шаңыраққа қонғаны басы¬мыз¬ға қонғаны емес пе?" дегенінде көпшілік жөн сөзге жүгінген еді.
Телағыс тапсырылған әрбір жұм¬ысқа осындай шығармашылық із¬ден¬іс-пен қарау¬ды үрдіске айналдырған. Осы үшін де ол мемлекеттік қызмет тізгінін ұстаған әріп¬тестері ар¬асында беделі биік, мәртебесі жоғары келеді. Құрылыс саласындағы көп жылғы жемісті жұмысы да әділ баға¬сын алуда. Ауданда аудан әкімінен кейін "Қа¬зақстанның құрметті құры¬лысшысы" атағын иеленді. Мереке¬лік медальдармен, облыс, аудан әкімінің Алғыс хаттарымен марапатталды. Шын¬ды¬ғында Телағыс атақ үшін емес, мемле-кеттік мүдде, абырой үшін қызмет етіп жүрген жан.
Көктемнің бір түнін ұйқысыз тәтті ой¬лармен өткізсе де, Телағыс кеңсеге өз уақ¬ытында келді. Алдымен бүгін атқар¬ыла¬тын жұмыстарын айқындап алды. Биыл¬ғы жылдың жүгі де ауыр. Олар бөлім арқылы пайдалануға берілетін 3 мектеп, 8 тұрғын үй, 10 спорт алаңы, облыстың құрылыс басқар-масы арқылы салынып жатқан Абай ау¬ылындағы 600, Арал¬дағы 300, Аманөткелдегі 300 орындық мектеп, қа¬ладағы 200 орындық балабақша, Ақ-бас¬¬тыдағы 50 орындық мектеп пен 50 ор¬ын¬дық балабақша, Жақсықылыш кен¬тінде¬гі құны 450 миллион теңге тұратын ішкі су желісін қайта салу жұмыстары. Енді мұның үстіне республикалық бюд¬жет есебінен "Ақбұлақ" бағдарламасы бой¬ынша 2013-2015 жылдарға межелеген Аралдың кәріз жүйесін жүргізуге дайын¬дық жұмыстары қосылып отыр. Келешек Арал қаласы үкімет қолға алып отырған "Шағын қалалар" жобасына енсе, аудан орталығы адам танымастай өзгерері анық.
Осындай Аралдың жарқын болашағы жолында жан аямай тер төге, еңбек етіп жүрген, аудан орталығы мен елді мекен¬дердің әлеуметтік бейнесін жақсартуда салынып жатқан құрылыстардың, ес¬керткіштердің жас ұрпақ үшін маңызын жете сезінген, сәулет өнерінің ескерткіш¬терін тарихтың жанды куәлері деп бағалайтын "Сәулет анасы – тарих, тарих ана¬сы – сәулет" деп сәулет пен құрылысқа Тәңірдей табынатын Телағыстың өз ұс¬танымы, өзіндік түсінік-пайымы бар.
Ол – мемлекеттік қызметке деген зор құрмет, антына адалдық, міндетті ісіне жауапкершілік. Өнебойына өзгелерден ерек дарыған осы үш қасиет ошақтың үш бұтындай Телағыстың тіршілік отын маздата жағып, түтінін көкке түзу көтерді.
Иә, осы материалды осылай аяқтап, газетке дайындап жатқанымда «Телағыс қайтыс болды» деген қай¬ғылы хабар қолымды да, осы мақсаттағы жолымды да байлап тастап, жазылған дүние жар¬ыққа шықпай қалған-ды. Телағыс 2012 жылы 22 қазанда өмірден өтсе, қазір одан бері 10 жыл болыпты. Осыншама уақыт өтсе де мақаладағы бала Нұрпер¬зент бүгінде әке жолын жалғастырған, ау¬дандық құрылыс бөлімінің білдей маманы атанғаны болмаса, Телағыстың сол кездегі құрылыс жайлы көтерген мәсе¬лелері мен ой-ар¬мандары бүгінгі өмірі¬міз-де әлі де өз құн¬ын жойған жоқ. Сон¬дықтан осы мақала¬ны өзгеріссіз сол күйінде жариялауды жөн көрдік.
Жұмабай ЖАҚЫП,
Қазақстанның құрметті журналисі
17 қыркүйек 2022 ж. 795 0