Еңбегі елеулі журналист

Жергілікті баспасөзде қоғам мен өміріміздегі әртүрлі көкейтесті мәселелерді қозғап, көркем очерктері, сынға толы фельетондары, мәнді мақалалары газет оқырмандарының көңілінен шығып отырады. Кеңес Өмірзақұлы сонымен бірге бірнеше повестің, көркем әңгімелердің авторы.
Ол еңбек зейнетіне шыққан соң да журналистік қызметтен қол үзбей «Арал ақиқаты», «Тұран Қазалы» газеттерінде қызметін жалғастырады. Сондай-ақ ол КСРО және Қазақстан Журналистер одағының мүшесі атанады. Өмірлік жары Назира апа екеуі 10 бала тәрбиелеп өсірді. Кеңес ағамыз 2019 жылы өмірден өтті.
Өз тілшімізден