Әулет тағдыры
1. Ауған асқан аталастар
Бұл алаштың баласы атам заманнан «Адамның басы– Алланың добы» дейді екен. Осы сөз рас болса керек. Әйтпесе талай пенде өсіп-өнген өрісінен, тамыр жайған топырағынан, көз ашып, кіндік кескен несібе-ризық болып келе жатқан ата жұртынан тағдырына жазылмаса жайданжай ірге көтере ме? Ондай тағдырлар жұмыр жер бетінде аз емес. Солардың бірі – Қазалы ауданындағы бұрынғы Майдакөл колхозының іргесіндегі алақандай «Құлтас» атты ауылда тұратын Құлымбет баласы Бақберген баба әулеті болатын. Әулет басы Бақберген 1820 жылы туып, 1917 жылы 97 жасында дүниеден озған үлкен діндар кісі еді. Өзі қайтпас сапарға аттанған жылы бүтінді бүлдіріп, тұнықтың берекесін кетірген кеңестік қызыл төңкеріс қазақ даласын да қармағынан құтқармады. Көршілес орыс халқының ордасын күйреткен озбыр Кеңес үкіметі ай даланы мекен еткен алаш перзенттеріне де арыстандай ауыз салды. Ауқатты байлардың төрт түлік малдарын берсе қолынан, бермесе жолынан алған әйгілі әпербақан тәркілеу 1928- 1930 жылдары жүргізіліп, талай адамдарды қан қақсатты, содыр саясаттан үріккен талайы бас сауғалап кетті. Тарыдай шашырап олардың дүниенің әр тұсында баянсыз күн кешкенін ата тарихымыз жазудай жазып, айтудай айтып келеді. Ауылда мешіт ұстап, мұсылман дінін уағыздаған Бақберген имамның Сейтпенбет, Оспан, Жүсіп, Әмит, Нағыман атты ұлдары, Бибісара, Ажар есімді бойжеткен екі қызы болатын. Кешікпей олар да жазықсыз жазаланып, қиямет-қайым қудалау құрығына іліккен еді. Әуелі жоғарыдағы Сейтпенбет, Әмит және Жүсіпті НКВД жендеттері аямай азаптап абақтыға қамаған, кейін ол үшеуіне ислам дінін насихаттап, Кеңес үкіметінің саясатына қарсы шықты деген жалған жала жабылған. Шарқ ұрып іздеген туыстарының құлағына сол кездері оларды Кәукейдің құмына апарып атып өлтірді деген суық хабар жетеді. Осыдан кейін ел ішінде нағыз дүрбелең басталады. Бақберген баба әулетінің басына үлкен қауіп-қатер төнеді. Енді аман қалған Нағыман мен ағаларының отбастарының өздеріне тура келген тажалдан құтылу үшін басқалар сияқты көз көрмеген, құлақ естімеген алыс жерге бой тасалаудан өзге амал қалмайды. Сөйтіп үкіметтен үдере қашқан басқалар сияқты Бақберген имамның үлкен әулетінен қалған 25 үлкен-кішілі, бала-шағаны бастап Нағыман ақсақал Қазалы темір жол станциясынан отарбаға отырып, біраз күн жол азабын шегіп, тәжік еліне барып табан тірейді. Бірақ бұл елде де тыныштық жоқ еді. Сонан ұзынқұлақтан Әмудария өзенінің арғы жағындағы Ауған, Пәкістан елдерінде бейбіт өмір бар екенін есітіп, арнасы үлкен, ағысы қатты Әму жағасына жиналады. Үлкендер жағы ақылдаса келе үрпиіскен кішілердің үміт отын сөндірмей асау Әмудің ар жағындағы мұсылман елі Ауған жұртын таңдайды. Ол үшін өткел бермес өзеннен арғы бетке өтсе, мамыражай тыныштық боларына нық сенеді. Өйткені бұлардың алдында Кеңес үкіметінен қашқан екіүш көш жергілікті тәжіктердің қайығын жалдап, Ауған жаққа өтіп кеткенін естіп, естерін жинайды. Алайда олардың жолын қызыл шекарашылар кеседі.
2. Тәжік топырағында
Әму жағалауын қырағы күзеткен қызыл шекарашылар бұл көшті ары өткізбей, Бақберген әулетінің амалдары таусылады. Сонан болмаған соң сол маңайдағы Тәжікстанның Куляб қаласының іргесіндегі Пархар қыстағына қарай көп қиыншылықпен бет алады. Әуелі сол жердегі барактарға орналасып, күнделікті жалданып жұмыс жасап, аштан қалмаудың амалына көшеді. Мезгіл жаз айлары. Күн ыстықта бұл жерді өте қатты сүзек ауруы жайлап, соның салдарынан үлкен әулеттің бәрі қаза табады. Тек Алланың жазуы шығар, сонан жалғыз ғана он жасар Мінәш Нағыман баласы аман қалады. Ақыры жетім қалған он жастағы жас бала шарқ ұрып іздеп жүріп сол жерге көшіп келген ағайындары Дүзекеш ақсақалды тауып алады. Басынан өткен жағдайды баяндайды. Онан әрі ақсақал жас баланы бауырына басып, ержеткізеді. Ақсақал өзі көземелдеп жүріп тракторшы мамандығына оқытады. Оқуын ойдағыдай аяқтаған Мінәш Нағыман баласы осылайша өзі тұрған Пархар қыстағындағы МТС-те отызыншы жылдары тракторшы болып еңбек етеді. Еміс-еміс есінде қалған туған еліне барып, қасиетті Қазалы топырағына табаным тисе деп сағынып жүргенде, 1939 жылы Куляб қаласынан Кеңес әскері қатарына шақырту алады.
3. 18-ші армияның жауынгері
Үш жыл ақ финдермен аяусыз шайқасқан Мінәш бұдан кейін тағы да елге қайтуды армандап жүргенде екінші дүние жүзілік алапат соғыс өрті бұрқ етеді. Бұл соғысқа дейін өзінің қанды көйлек жауынгер достарымен бірге Тбилиси қаласына келіп, №337 артиллерия полкінде әскери қызметін жалғастырған ол Ұлы Отан соғысы басталғанын Кировакан қаласында естиді. Туған Отанға төнген қатерлі хабар жауынгерлердің қабырғасын қайыстырып, мейірімсіз жауға деген өшпенділігін туғызады. Сөйтіп Ұлы Отан соғысы басталғанда Тбилисиде тұрған жоғарыдағы полк Ирандағы Табриз қаласына келіп орналасады. Ондағы мақсат, бастан-аяқ қаруланған неміс басқыншыларының Кавказды Иран арқылы басып алуына жол бермеу болатын. Көп ұзамай әскери қолбасшылықтың бұйрығымен Табризден Солтүстік Кавказ майданына екі трактор жүк пойызына тиеліп, шұғыл жөнелтіледі. Соның біреуі бұрынғы тракторшы, бүгінгі қызыл әскер Мінәш Нағымановтың еншісіне тиген еді. Екіншісінің иесі Николай есімді орыс жігіті болатын. Олар еншісіне тиген екі тракторды әуелі Новороссийскіге жеткізеді. Сол жерден кемеге тиеп, Керчьке келеді, осылайша осы жердегі №40 танк бригадасының сапына қосылады. Бұл Қара теңіз жағалауындағы Қырым үшін қанды шайқастың нағыз қызған тұсы болатын. Тракторшылардың негізгі міндеті алғы шептегі бұзылған, жарамсыз танктер мен жаралы жауынгерлерді кейін алып шығу болса, оны бұлар мүлтіксіз орындап, командирлер назарына ілінеді. Бірде болған ауыр шайқаста Мінәштің тракторы істен шығып, серігіне қаңғыған оқ тиіп қайтыс болады. Осыдан кейін ғана оның тракторды тастап, танкпен соғысуына тура келеді. Көп ұзамай кешегі келмеске кеткен Кеңес мемлекетін 1982 жылға дейін ұзақ жылдар басқарған, соғыс тұсында әйгілі №18 армияның саяси жетекшісі қызметін атқарған полковник Леонид Ильич Брежневтің әскеріне қосылған Мінәш Нағыманов Керчь бұғазын басқыншы жаудан азат етуде аянбай шайқасады. Бұғаз жаудан толық азат етілгеннен кейін, М.Нағыманов құрамында танкист ретінде соғысқан атақты №18 армия Новороссийск, Кіші жер, Донбаста болған шешуші шайқастарда ерен ерлік көрсетеді. Бұдан кейін М.Нағыманов құрамында бар №20 танк полкі қайта жасақталып, одан әрі Украина қалаларын бірінен соң бірін, Венгрияның астанасы Будапешті, Австрияның астанасы Венаны жау қоршауынан құтқаруға қатысады. Сөйтіп жеңісті жау ордасы Берлинде қарсы алады. Бір қызығы, атақты №18 армияның ержүрек жауынгерлерінің Мәскеу қаласында 1983 жылы болған кездесуіне Мінәш та арнайы шақырылып, даңқты командирі, гвардия генерал-лейтенанты Руссиянов, саяси бөлім бастығы, генерал-полковник Филяшкин бастаған майдандас достарымен бейбіт күндері дидарласу бақытына ие болады. Кремль қабырғасында армия туы жанында естелік суретке түседі. Тағы бір айта кетерлігі, бар бақыттың бастауы – адал еңбекте деп түсінген майдангер Мінәш 1951 жылдан қашан зейнет жасына жеткенше Арал балық комбинатында 32 жыл бойы бір ғана «ЗИЛ-150» автокөлігін жүргізіп, озаттар қатарынан көрінеді. Ал Жеңісті Берлинде қарсы алған атақты №18 армияның ержүрек жауынгері Мінәш Нағымановтың өр кеудесінде жарқыраған жауынгерлік «Отан соғысы» орденіне қоса ондаған медальдары қатарын бейбіт еңбек марапаттары марқайта түскенін сүйікті ұлы, бұл күндері 70 жастың жотасына шыққан Жолдас Нағыманов ағамыз мақтан тұтады. – Әкем жарықтық 1985 жылы құрметті демалысқа шыққан соң, Тасбөгет кентіндегі балаларының маңайына көшіп келіп, 1986 жылы 70 жасында бақилық сапарға аттанды, – дейді Жолдас аға. Өмірлік қосағы Ұлман апамыз екеуі 8 перзент тәрбиелеп өсірген, қасиетті Қазалы ауданында кіндік қаны тамып, тау-тасты тәжік топырағында балалық шағы тағдыр тәлкегіне ұшыраған, соғыс сұрапылын толарсақтан кешіп келіп, Арал қаласындағы туған апалары Ажар мен Бибісараны тауып алған, теңіз жағасындағы кішкентай қалада отбасын құрып, еңбек көрігін еселеген Мінәш Нағымановтың бастан кешкен өмір жолдары осындай еді.
Бір уыс топырақ
Дүние дүрбелеңі деген осы. Бірде туған анаңдай құшағы кең, енді бірде сол кең дүниенің өзі тарлық ететіні-ай. Баяғының адамдары «Қилы-қилы заман болар, қарағай басын шортан шалар» деп осыны біліп айтқан шығар-ау, әйтеуір ана құрсағынан шыға сала адам баласы басынан жақсылықты да, жамандықты да алма-кезек өткізетіні кім-кімге де аян. Соған көнесің, көндігесің. Өмір көшінде бұл әр пенденің пешенесіне жазылған және жазылатын болмыс шығар деп ойлаймын. Біз әңгімелеп отырған Бақберген әулетінің қиямет күндері кешкен қилы-қилы тағдыры ойға оралғанда осыны еске алып отырған жайымыз бар. Туған жерден осыдан тоқсан жыл бұрын жат жер, жат елге талайлы тағдырлары жел айдаған қаңбақтай алдына салып айдап кеткен бұл әулеттің о жақта көрмегені аз, бастан кешкені тіпті де көп болатын. Әңгімемізде айтылғандай, ата-анасы, ағайын-туыстарымен бірге сонау 1928 жылы 12 жасында талай елден асып, талай жерді басып, Ауған еліне аттанып, Тәжік топырағында 11 жыл тұрақтаған Мінәш болса сол жерден тура соғысқа қатысады. Сол 12 жасында туған жерден Тәжік еліне арып-ашып келген 25 туысы сүйікті ата-анасымен бірге сүзек ауруынан мезгілсіз көз жұмады. Бәріне топырақ жат жерден бұйырады. Енді олардың жат жердегі бейіттеріне құран оқып, бір уыс топырақтарын туған жерге жеткізу парызын өтеу тірілер алдындағы абыройлы міндет саналған. Осы міндетті орындауды осынау үлкен әулеттің Қызылорда қаласында тұратын ұрпағы Жолдас Нағыманов ағамыз өзінің парызы сезініп, өткен жылы наурыз айында әйелі Айпатша және отбасымен бірге ұзақ жолға шығыпты. Сол сапарда бұған дейін Қызылорда электр жарығын тарату компаниясында энергетик, Құмкөл мұнай кенішінде электроцехының басшысы қызметін атқарған, зейнеткер Жолдас ағамыз арнайы барып, атасы мен әжесінің, туғантуыстары мәңгілік тыныстаған жердің бір уыс топырағын әкеп, әке бейітінің жанына бірге белгі тас орнатыпты. – Бұл әке аманаты болатын. Соны қолдан келгенше орындауға тырыстым. Ендігі арманым кешегі солақай саясаттың құрбаны болған әкемнің бауырлары Сейтпенбет, Жүсіп, Әмит көкелерімнің сүйектері қай жерге жерленгенін білгім келеді. Қазір соған байланысты тиісті мекемелерге сұрау салып жатқан жайым бар, – дейді Жөкең бізбен әңгімесінде. Өткенсіз бүгін жоқ екені белгілі. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында «Біздің тарихымызда қасіретті сәттер мен қайғылы оқиғалар, сұрапыл соғыстар мен қақтығыстар әлеуметтік тұрғыдан қауіпті сынақтар мен саяси қуғын-сүргіндер аз болмады. Мұны ұмытуға хақымыз жоқ» деген болатын. Ата-баба тарихын білу, оны зерделеу бүгінгі жас ұрпақ үшін ауадай қажет. Ал, тарихты адамдар жасайтыны аян. Ендеше отызыншы жылдарғы тәркілеу мен қуғынсүргін кезеңінде туған елден ауа көшіп, топырақ жат жерден бұйырған Бақберген әулетінің 25 адамы да біздің тарихымыздың бөлінбес бір бөлшегі іспеттес. Солақай саясаттың салдарынан зардап шеккен әулеттер мен адамдар қазақ даласында аз болмаған. Ендігі жерде өткенді ұмытпай, оның себеп-салдарын жас ұрпақ жадында жаңғырту біздің басты борышымыз. Өйткені тарихын ұмытқан ұлттың болашағы да болмасы белгілі. Әке аманатын адал орындаған қызылордалық Жолдас Нағыманов нағыз адам деуге әбден лайықты жан.

Т. АБЫЛАЕВ,
ҚР Журналистер Одағының мүшесі.