Абыздан бата алған Ботакөз
Біздің Арал – музейлі қала. Шағын шаһар болса да төрт бірдей музейдің болғаны – біздер, аралықтар үшін үлкен мақтаныш. Алыс-жақын сырттан келген қадірлі қонақтарымызға әп дегеннен көрсеткенімізше асығамыз. Мұның өзі тамаше емес пе!Музей – рухани киелі орталық, өткен барша тарихымыздың, көрнекті тұлғаларымыздың, жергілікті кәсіптік тыныс-тіршілігіміздің деректі айнасы, жәдігерлі айғағы.
Иә, Аралдың рухани әлемінің ажарын ашып, мәдени айдынымызды асырып тұрған сол атаулы мұражайлардың бірі – Әбдіжәміл Нұрпейісовтің әдебиет үйі. Бұл музей осыдан тура он жыл бұрын 2014 жылы ашылды. Құрғақ дақпырт пен даңғаза астамшылықты жаны әсте сүймейтін Әбе өле-өлгенше бұл ғимаратты «Музей» деп айтуға қарсы болып кеткен. Тіпті, кейде біреулер солай деп айта қалса қасарысып, тыйып тастайтын. Содан да Әбенің Аралдағы үйі деп аталып, жазушының өзі осы туған жеріне атбасын тіреп әр келгенінде «Өз үйім» деп еркін демалатын шаңырағы болған. Мұнда жазушының жайланып отыруына, оңаша ой орманына енуіне барлық жағдай жасалғантын.
Бүгінде Ә.Нұрпейісовтің Әдебиет үйі музейінде мыңға жуық экспонат бар. Олар – суреткердің әр жылдары жарық көрген көрнекті шығармалары, шетел тілдеріне аударылған кітаптары, қаламгердің түрлі қолжазбалары, фотосуреттері, жазушының көзі тірісінде тұтынған заттары мен бұйымдары. Әрбір экспонат өз кезегінде Әбе өмірі мен ғажайып шығармашылығынан мол деректер береді.
Қазір рухани оралықта әдеби-мәдени шаралар легі үнемі өтіп тұрады. Үлкен шаңырақтың әр бөлмесінде абыз ата Әбенің ізі, қолының таңбалары қалған. Яғни, мұнда кіргеннен-ақ жанында атақты қаламгердің өзі жүргендей әсерде боласыз.
Ерекше музейге келіп, табалдырық аттап, бас сұққан жанның мұндағы алғашқы сұхбаттасы–мекеме меңгерушісі Ботакөз Сарбасова болады. Ол Әбе туралы сағаттап айтудан әсте жалықпайды. Әр келушінің кемеңгер жазушы туралы кеңінен хабардар болып шығуына барын салады. Ботагөз барып көрсеткен әрбір жәдігердің «сөйлеп» кеткенін көресің. Білікті музей майталманына дән риза боласың.
Ботагөз Өмірбекқызы Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекетік университетін бітірген, кәсіптік жоғары білімді тарихшы, тарих оқытушысы. Әуелгі еңбек жолын ол Аралдағы іргелі білім ұясы Т.Г.Шевченко атындағы №13 орта мектепте өз пәні бойынша мұғалім болып бастап, бес жыл бойы шәкірттерге тәлім берді. Ұлағатты ұстаздардан үйреніп, көрген-білгені, түйген ойы көп.
Жас маман осыдан он жыл бұрын Әбдіжәміл Нұрпейісов атындағы Әдебиет үйі ашылғаннан осында қызмет істеп келеді. Әуелде қиынсынғанымен де, уақыт өте келе Әбенің адамды тебірентерлік ерекше әлемі–әдебиет әлеміне тереңірек бойлаған сайын қызығушылығы артып, бүгінде ол өзінің әр күнін осынау көрнекті қаламгерсіз елестете алмайды. Әсіресе, есіктен кірген талапты әр оқушыға осы Әбе әлемінің де қақпасын ашуға барынша кіріседі. Сондықтан да қазіргі аралдықтар: «Ботагөз –Аралдағы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің рухани қазынасының иегері» деп, бекерден бекер ауыз толтырып айтпаса керек. Айтса айтқандай-ақ, Ботагөздің ел-жұрт барынша білсін деген талабына көргендердің бәрі көз сүйсіндіреді.
– Әбдіжәміл атамыз осы әдебиет үйі ашылғанда, өзі келіп қатысты, көзімен көрді. Бірақ, ол жолы біздер еркін тілдесе алмадық. Ал бір жылдан соң, 2015 жылды қараша айында музей ауласындағы «Соңғы парыз» романы бойынша жасалған ескерткіш ашылғанда екінші мәрте келді. Ашылу салтанатында сол кездегі облыс әкімі Қырымбек Елеуұлы Көшербаев: «Қазақтың екі ғасыр өмірін керемет суреттеп, романдар жазды. Қаламының қарымымен қазақ ұлтын әлемге әйгіледі. «Соңғы парызды» тартылған теңізбен қоса-қабат адамдардың мейірімділігінің азайып бара жатқандығын үлкен шеберлікпен ұштастырған. Шығарманы оқи отырып, сол оқиғаның бел ортасында жүргендей боласың. Осындай абыз ағамыздың шығармашылық үйі сөз бен ойдың парқын түсінетін рухани ордасына айналады. Дүние тұрғанша тұрыңыз, Әбе аға» – деген еді. Көрнекті қайраткердің жеке қолдауымен Әбеге арналып жасалған игі бастамалар еді бұл.
– Бұдан кейін туған топыраққа келудің сәті түсе ме, білмеймін. Ол енді Алланың бұйрығына, денсаулығыма, байланысты. Бірақ, дәл қазір шексіз қуаныштамын, – деп тоқсан бірдегі Әбдіжәміл атамыз толқи сөйлеп, жүрекжарды ойын жеткізген.
Осы жолы Әбе отбасымен келіп, осы шаңырақ астында үш күн болды. Баласы Кәрім, әдемі келіні Айгерім, сүйкімді немерелері Иманғали, Ләйла қасында бірге еді. Алыс-жақындағы бауырлары, туған-туыстары да келіп-кетіп жатты. Қазақтың аса ірі суреткерінің қасында үш күн болу – біздің де басымызға жазылған бақыт еді. Оның қарапайым өмірін танып-білуге мүмкіндік туған еді. Әр күнгі жүріс-тұрысы, дастарқан басындағы әңгімелері, өзімен-өзі отырған ойлы сәттері әлі күнге дейін көз алдымызда тұр. Келген кезі қарашаның салқыны түскен кез-тін. Ал біз жазғытұрым музей ауласына әдемі гүлдердің түр-түрін өсіріп гүлзар қылып көздің жауын алатындай еткен едік. Соны суретке түсіріп алғанбыз. Сол фотоларды Әбе атаға көрсеткенімізде, ол кісі кәдімгідей тамсана қарап:
– О, керемет! Осының бәрін өздерің жасадыңдар ма?! – деп бірнеше рет айтты. Бір сәті келгенде музейдің «Құрметті қонақтар кітабын» жанына апарып ұсынып:
– Ата, тілегіңізді мында жазып қалдырсаңыз, – деп едім. Ол бұл сөзімді құп ала көрмеді. Басын сәл шайқап қойып:
– Тілек, лебізімді қалай аяқ астында жаза салам. Оған мен ойлануым керек қой, – деп қысқа қайырып тастады. Есесіне дәл қайтатын күні бізді қасына шақырып, қолымыздан аталық мейірімін төгіп сүйіп:
– Бақытты болыңдар, қыздарым, бақытты болыңдар. Осы шаңырақтың шырайын келтіріп, тап-таза, әдемі күйде ұстап отырған сендердің бастарыңда әрдайым бақтарың тұрсын. Ұзақ ғұмырлы болыңдар! – деп, қысқа да болса зор тілекті абыздық батасын берді. Біздер қолымызды жайып, абыз ата берген батаға «әумин» дедік қуана-қуана.
Әдебиет үйі қазір қаламыздағы ең бір көрнекті рухани орталық болып отыр. Музей қорының көбеюіне сол кездегі Абай атындағы орталық кітапхананың директоры Гүлжамиға Ілиясова, мәдениет саласының майталманы Мәди Жасекеновтер көп көмек берді. Мәди аға әдейі сапарлап барып, Әбе атаның көзі тірі кезінде-ақ бағалы құнды дүниелерді әкеліп, музейге қорына тапсырды. Ал жазушы кітаптарын түгендеп Гүлжамиға апай сыйлап отырды. Қазір осы экспонаттар негізінде жас талапкер ізденушілер талаптанып келіп, ғылыми жобаларға негіз етіп алып, дарындыларды танытатын түрлі байқауларға қатысып жүр, – дейді облыстық мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Қызылорда облысық тарихи-өлкетану музейі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының «Арал қалалық тарихи музейі» филиалының меңгерушісі Ботакөз Сарбасова. Мекеменің ресми атауын осылай жазғаныбызбен аралдықтар «Әбдіжәміл музейі» атап кеткен мәдениет ошағының түтіні бүгінде түзу шығып, жазушының 100 жылдық мерейтойы жылында нағыз рухани орталық болып отыр.
Ал сол көп мәдени-рухани шаралардың басы-қасында ұлы Әбе атадан бата алған ару Ботакөз Өмірбекқызы жүр.

Ерғали АБДУЛЛА