МАЯК: ТОЛҚЫНҒА 95 ЖЫЛ
Бағыт беріп қалпымен бәз баяғы,Тосады жол талайға, тозбай әлі.Асау теңіз бетінде түрлі арал бар,
Әр аралдың болады өз маягы.
Әр маяк шырағы бар "шындық"деген,
Мен бүгін сол жарықты жыр ғып терем.
Сағыныш боп, сафтанып, сан тарапқа
Таратады шуағын бір нүктеден.
Тарихының тоқтаса түбі арыға,
Шыр бітер "шындық"атты шырағына,
Келешекке бет алған халық - кеме,
Кеменің көзі де сол, құлағы да.
Жанарыма найзағай жай от сіңді,
О, ғажап, кеудеңдегі оятса үнді.
Арманыңнан адасып қалған шақта,
Менмұндалап тұратын маяк сынды.
Әділетпен әуелден әдіптеліп,
Жарым түнде тұрады ол жарық төгіп.
Шала-жансар үмітті жағып беріп,
Адасқанға ап-анық бағыт беріп.
Бостандығың болса егер шын сыбаға,
Таңдайларда талай сөз тұншыға ма.
Серт етеді жарығын сөндірмеске,
Тілін оның біледі тілші ғана.
Сан үмітті сол шырақ сөндірмей-ақ,
Сынық қанат құстарды қондырды аяп.
Жарығы оның жетеді ғасырларға,
Ғасырларға жетеді сол бір маяк.
ЖАЛШЫНЫҢ МОНОЛОГЫ
("Ә.Қоңыратбаевтың "Жалшы күні"әңгімесі)
Қарғадай ем қайсыбір қарғыс ұғар,
Ен даланы етіппін мәңгі сыңар.
Кедей "бай болам"десе ештеңе емес,
Сорақысы – бай Құдай болғысы бар.
Сапар бай – жан біткеннің қазымыры,
Жаңғырады жадымда жазық үні,
Қойын бақтым қанша жыл қырат кезіп,
Селдіреген қамысы, ажырығы.
О, сондағы талайды таң қылғаны:
Бар білгенім туғаннан малдың бабы.
Елдің қойы қырылса індет тарап,
Аман қалды бар қойым алдымдағы.
Алты жылдық есепке жайлы күн кеп.
Атады үш-ақ тоқты "айлығың"деп.
Солай уақыт жылжыды,
Бір күндері
Азғырды көрші жатқан бай Ділімбет.
Бір ұсыныс айтайын, ал, ағаңша,
Үйлендірем, сен маған бала болсаң.
Ділімбет деді сонда
"Көйлегің көк,
қарының тоқ болады қалағанша!"
Аш адамға ет деді, тары деді,
Әлек қылды әлгі ойлар әрі-бері.
Екі қойы жоғалып ертесіне,
Төмпештеді бай Сапар тағы мені.
Бөріктейін ұшырды бір аунатып,
Жаратқанға әлім жоқ жылауға түк,
Қыр басында ес-түссіз жаттым солай,
Қырық жамау күпіме қырау қатып.
Түсіме еніп сұлу жар, тыстағы дәм,
Қыз-қыз қайнап бір күйік іш қарыған.
Ділімбетті бетке алдым сылбып басып,
Қашып шығып Сапардың қыстағынан.
Әттең... сонда көңілім ах ұрғаны,
"Құл"десіп бала-шаға, қатын, бәрі,
Көйлек түгіл күпіме зар болдым-ау,
Ас түгілі қара су татырмады.
Келсемші сықпар байды танып біліп,
Малды да, малшыны да зорықтырып,
Көктемде күйлі малын сатып,
Жазда
сол пұлға алады көп арық-тырық.
Жазды ма маңдайыма жаза Құдай?
Айтқаны болған сайын азады бай.
Өңсіз ғұмыр, өлуге шақ қап жүріп,
Өлмелі қой бағудың азабын-ай.
Көп өтпей көтерем мал өлген күні,
Әңгіртаяқ ойнайды. Ол белгілі.
Өзім сенбес бақытты өзгеге айтып,
Сендіремін қалайша елді ендігі.
Қорқамын азаттықтан, айдаладан,
Атпай ма аттап шықсам қой қорадан?
Білмеймін, қайда барам? Кімге сенем?
Білмеймін, кімге сенем? Қайда барам?
("Ә.Қоңыратбаевтың "Жалшы күні"әңгімесі)
Қарғадай ем қайсыбір қарғыс ұғар,
Ен даланы етіппін мәңгі сыңар.
Кедей "бай болам"десе ештеңе емес,
Сорақысы – бай Құдай болғысы бар.
Сапар бай – жан біткеннің қазымыры,
Жаңғырады жадымда жазық үні,
Қойын бақтым қанша жыл қырат кезіп,
Селдіреген қамысы, ажырығы.
О, сондағы талайды таң қылғаны:
Бар білгенім туғаннан малдың бабы.
Елдің қойы қырылса індет тарап,
Аман қалды бар қойым алдымдағы.
Алты жылдық есепке жайлы күн кеп.
Атады үш-ақ тоқты "айлығың"деп.
Солай уақыт жылжыды,
Бір күндері
Азғырды көрші жатқан бай Ділімбет.
Бір ұсыныс айтайын, ал, ағаңша,
Үйлендірем, сен маған бала болсаң.
Ділімбет деді сонда
"Көйлегің көк,
қарының тоқ болады қалағанша!"
Аш адамға ет деді, тары деді,
Әлек қылды әлгі ойлар әрі-бері.
Екі қойы жоғалып ертесіне,
Төмпештеді бай Сапар тағы мені.
Бөріктейін ұшырды бір аунатып,
Жаратқанға әлім жоқ жылауға түк,
Қыр басында ес-түссіз жаттым солай,
Қырық жамау күпіме қырау қатып.
Түсіме еніп сұлу жар, тыстағы дәм,
Қыз-қыз қайнап бір күйік іш қарыған.
Ділімбетті бетке алдым сылбып басып,
Қашып шығып Сапардың қыстағынан.
Әттең... сонда көңілім ах ұрғаны,
"Құл"десіп бала-шаға, қатын, бәрі,
Көйлек түгіл күпіме зар болдым-ау,
Ас түгілі қара су татырмады.
Келсемші сықпар байды танып біліп,
Малды да, малшыны да зорықтырып,
Көктемде күйлі малын сатып,
Жазда
сол пұлға алады көп арық-тырық.
Жазды ма маңдайыма жаза Құдай?
Айтқаны болған сайын азады бай.
Өңсіз ғұмыр, өлуге шақ қап жүріп,
Өлмелі қой бағудың азабын-ай.
Көп өтпей көтерем мал өлген күні,
Әңгіртаяқ ойнайды. Ол белгілі.
Өзім сенбес бақытты өзгеге айтып,
Сендіремін қалайша елді ендігі.
Қорқамын азаттықтан, айдаладан,
Атпай ма аттап шықсам қой қорадан?
Білмеймін, қайда барам? Кімге сенем?
Білмеймін, кімге сенем? Қайда барам?
Аружан ОРАЛБАЙ










