Шабаннан кіндік кескендер
Дертіңнің таппай ұшығын,
Жүректе бүгіп,сақтап ем.
Бар еді он үш түтінің,
Есімді білген шақта мен.
Шабаным жаным ауырды,
Еңсесі түсіп,өр кеуде.
Өзіңде туған бауырды,
Барамын, міне, жерлеуге.
Қасіретті,халқым, осынау,
Кешегі дүрмек көштен көр.
Азайып бара жатыр-ау,
Шабаннан кіндік кескендер.
Жас тамды ылғи жанардан,
Тоқтатпай ажал өштігін.
Білмеймін біздің Шабаннан,
Соңғы рет кіндік кесті кім.
Шабаным сенде жойылдың,
Жүректе қалып,картадан.
Періште тілек,пейілдім,
Кім қағар енді арқадан.
Туған жер хәлі ерге сын,
Келмейді менің «қош» дегім.
Тілегім мәңгі сөнбесін,
Қос жанарыңдай,қос көлің.
О.БАЗАРАЛЫ






