Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » КІТАП AMANAT: “Жүз кітап – руханиятқа жүз қадам"

КІТАП AMANAT: “Жүз кітап – руханиятқа жүз қадам"

23 сәуір – Ұлттық кітап күніне орай ұйымдастырылған «Жүз кітап – руханиятқа жүз қадам» атты кітап кеші оқырман қауымға ерекше рухани әсер сыйлаған тағылымды шара болды. «Жүз кітап – жүз қазына» мекемеаралық оқу жобасының алғашқы белесі ретінде өткен бұл кеш ұлттық әдебиетіміздің құндылығын дәріптеуге, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыруға бағытталды.

Кеш барысында қазақ әдебиетінің алтын қорына енген таңдаулы туындылар жан-жақты талданып, олардың идеялық мазмұны мен тәрбиелік мәні кеңінен ашылды. Қатысушы мекемелер әр шығарманы өзіндік ерекшелікпен таныстырып, көркем сөз бен сахналық қойылымдарды үйлестіре отырып, көрерменге әсерлі жеткізе білді. Бұл тәсіл оқырманның шығармаларды тереңірек түсінуіне, кейіпкерлер тағдырын сезінуіне мүмкіндік жасады.
Аталған шараға “AMANAT” партиясы Арал аудандық филиалының Атқарушы хатшысы Қанатов Талғат Мырзағұлұлы қатысып, жобаның маңыздылығына тоқталды. Ол өз сөзінде мұндай рухани бастамалардың қоғам үшін мәні зор екенін атап өтті.

Шараның басты ерекшелігі – тек теориялық баяндаумен шектелмей, әдеби туындылардың сахналық көріністер арқылы жанданып, көрерменмен тікелей байланыс орнатуында болды. Нәтижесінде, кешке қатысушылар кітаптың тек білім көзі ғана емес, рухани байлықтың негізі екенін айқын сезінді.
Кеш қонақтары өз пікірлерін білдіріп, «Руханиятқа жүз қадам» жобасының қоғам үшін маңызы зор екенін атап өтті. Бұл бастама – жас ұрпақты кітап оқуға баулумен қатар, ұлттық құндылықтарды сақтау мен жаңғыртудың маңызды тетігі екені ерекше айтылды.
Жалпы, аталған шара – кітап пен оқырман арасындағы байланысты нығайтып, рухани дүниені байытуға бағытталған игі бастамалардың бірі. Осындай мазмұнды кездесулер алдағы уақытта да жалғасын тауып, қоғамда кітап оқуға деген қызығушылықты арттыра беретіні сөзсіз.
23 сәуір 2026 ж. 40 0