Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » Қазақ батагөй деп кімді айтқан?

Қазақ батагөй деп кімді айтқан?

Батагөй ақсақалдардың қатарына баталарды жаттап алып, мәнерлеп айта  білгендерді қосып, қателесіп жүрген жоқпыз ба? 70 жыл  бойы қызыл империяның ықпалында болып, ажырап қалған құндылықтарымыз аз емес. Сөз асыл қазына. Ол бабамыздан қалған аманат. Аманатқа қалған асыл сөздеріміздің қадір-қасиетін кетірмейік.
Көнекөз  қариялардың айтқанына сүйен­сек, батагөй деген атақ ерекше көрегендік қасиеті бар болашақты болжайтын, әр батасы қабыл болатын, мұқтаж жандарға рухани көмек қолын созатын, дүние, малға қызықпайтын, Ал­ланың тура жолымен жүретін жандарға ғана берілген. Батагөй бабаларымыздың батасы киелі деп есептелген.
Атақты батагөй бабаларымыздан мұқтаж болған жандар, перзент сүйе алмаған пенделер арып-ашып, айлап, апталап жол жүріп келіп, батасын алған, тілектері қабыл болып, арман­дарына жеткен. Қазақтың жырларында, ерте­гілерінде, аңыз  әңгімелерінде осындай  жағ­дайлар көп кездеседі. Батырлар жорыққа ат­та­нарда батагөй ақсақалдардың  батасын алмай аттанбаған.
Осы тақырыпқа қатысты жайды баяндаған  журналист Манасбай Оралбаевтың «Ескі сөз – ер мұрасы» атты  кітабынан үзінді келтірсек.
Тілеудің  ұрпағы  Достанның 9 әйелі, олардан 30  ұлыболған.  Қызай деген  әйеліненМамай, Самай туады. Мамай атақты батыр, қасиетті адам болған.
Самайдың  Елемес  дегенбаласының екі әйелі  болған. Екеуі  де біраз жыл бала кө­тер­мейді. Сол келіндері атасы Мамайдан бата сұрай барады. Сонда Мамай ақсақал: – Қолдарыңды жайыңдар, бір, екі, үш, төрт, бес, – деп, алтыншы саусағын  бүгіп қалыптыда: –Бір бала өледі  дағы, екеуің бес-бестен он бала туасыңдар, – депті. Айтқаны келіп, әлгі екі келін бес баладан он бала туыпты. Өзі өмірден өткенненкейін бейітінің басына түнеп, тілек тілеген адамдардың тілектері қабыл болған.
Жаугершілік  заманда бір елдің ұрылары бір­неше  үйір  жылқыларды қуып келе жатады. Ма­май­дың бейітінің   тұсына  келгенде тұман түсіп, бейіт сағыммен жоғары  көтеріліп, үс­те­ріне төніп тұрғандай әсер етіп,  қарауытып  үрей туғызады. Бұл тегін емес, бір бәлеге  ұшырармыздеген оймен жылқыларды кейін қарай қуып тастап, қаша жөнеліпті.
Бірде  Шетырғыз  округіне қарасты Т.Ақ­та­нов ауылының тұрғыны Бақыт Балышев бір үйір жылқысынан айырылып, неше күн іздеп та­ба алмайды. Бір күні Мамай бабаның  басына түнеп, тілек тілейді. Ертеңгісін тұрса, жылқылары іргедегі сайдан шығып келе жатады.
Бата алу – сан ғасыр бойы ата-ба­ба­мызбен бірге жасасып келе жатқан дәстүр. Ертеде жиын- тойда, астарда қанша көп­шіліктің ішінен бата қайыруды  белгілі, ең құрметті абыз ақсақалдарға  тапсырған.
Қазақта белгілі билерді, аузы дуалы ақса­қалдарды шақырып қонағасы беріп, құрметтеп  батасын алып, астарына ат мінгізіп, иығына шапан жапқан. Бала кезімізде ауылда соғым сойғаннан кейін, алдымен басын асып үлкен ақсақалдардыңбатасын алатын.
Дүниеге сәби келсе, баланы сүндетке отыр­ғызса, баланы үйлендірсе, ата-аналар ең алды­мен үлкендердің батасын алған. Хал­қы­мыз барда бұл дәстүр жалғаса береді деп ойлаймын. Лайым да сол дәстүріміз ұмытылмасын, халқымызды батадан айырмасын.
«Батаменен ел көгерер, жауынменен жер көгерер» деген қазақтың мақалы бар. Сол бата беруге лайық үлкендеріміз аман болсын.
Тыныштық Қаракүшікова,
Зейнеткер
25 маусым 2019 ж. 1 342 0