Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » » МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЙІП КЕЛЕДІ

МӘДЕНИЕТ САЛАСЫНЫҢ КӨКЖИЕГІ КЕҢЕЙІП КЕЛЕДІ

Мемлекет басшысы идеологияның тынысын ашатын мәдениет саласына қай кезде де қолдау көрсетіп келеді. Әр жылдардағы Жолдауында ел Президенті мәдениет саласына айрықша басымдық беріп, ұлттық құндылықты ұлықтайтын құрылымның көкжиегін кеңейтуге сеп болып келеді. Қазіргі таңда Арал ауданында да руханиятты дәріптейтін салада айтарлықтай бетбұрыс бар. Осы мақсатта Арал аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі коммуналдық мемлекеттік  мекемесі басшысы Бауыржан Махатовпен сұхбаттасудың сәті түсті.
– Баспасөз саласының өкілі ретінде сіздер тарапынан атқарылған шаралардың куәсі болып келеміз. Әне-міне, дегенше жыл да тәмамдалуға таяу. Ендеше, ұлу жылындағы жасалған істер жөнінде кеңінен тоқтала кетсеңіз?
– Арал ауданы бойынша 73 мәдениет мекемелері, олардың ішінде: аудандық мәдениет үйі, қалалық мәдениет үйі,  аудандық мәдениет орталығы, 4 ауылдық мәдениет үйі, 23 ауылдық клуб, 39 кітапхана (оның ішінде 33 кітапхана ауылдық жерде),  аудандық тарихи-өлкетану музейі, балықшылар музейі, «Суреттер сыр шертеді» музей бөлімшесі, Арал қалалық тарихи музейі халыққа қызмет көрсетуде.  
Мәдениет мекемелері бойынша жұмыс істейтін қызметкерлердің саны – 348. Оның ішінде 237 мәдениет үйлері мен клубтарда, 84 кітапханаларда, 27 аудандық мәдениет орталығында.  
Мәдениет мекемелері бойынша үйірме саны – 131, қатысушылар саны –1697. Жыл басынан аудан бойынша 972 мәдени-көпшілік шаралар атқарылып, оған 47124 көрермен қамтылды.
Қазақстан Республикасында тіл саясатын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі Қызылорда облысының  2023-2029 жылдарға  арналған іс-қимыл жоспарының 8 тармағына (Қазақстан халқы тілдері күнін мерекелеу шеңберінде  тілдік ортаны дамыту мен құрудың өзекті проблемалары жөніндегі іс-шараларды өткізу және оларды  ақпарат құралдарына насихаттау) сәйкес, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі тарапынан іс-шаралар жоспары бекітілді.
Бұдан бөлек, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңның 21-бап талаптары туралы хабарландыру аудан әкімдігінің, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің фейсбук парақшаларында және жергілікті  «Толқын» газетінде жарияланды. Сондай-ақ, аудан орталығында көрнекі ақпарат дайындайтын (маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар) «Көркем», «Шебер» секілді шеберханаларға көрнекі ақпараттардың мәтіндерін жазу және орналастырудың схема-үлгісі ұсынылып, әдістемелік көмек көрсетілді.
Ағымдағы жылдың 13 қарашасында аудандық кәсіпкерлік палатасымен бірлесіп, аудандағы кәсіпкерлердің қатысуымен дөңгелек үстел өткізіліп, Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының талаптары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
– Бөлімнің функционалдық міндетіне кіретін жұмыстар шашетектен екенінен былайғы жұрт құлағдар. Соның ішінде ана тілдің абыройын асқақтататын бастамалар да бар екенін ұғамыз. Арымызға баланған туған тілімізді насихаттау жолында нендей іс тындырылды?
– 2024 жылдың 15 сәуірде айында сәуірінде қалалық № 3 кітапхананың ұйымдастыруымен «Тілім менің – тірлігімнің тірегі» атты, тақырыптық кеш өткізіліп, "Тіл – асыл қазынам" атты кітап көрмесі таныстырылды. 5 сәуірде қалалық №1 кітапханада «Ұлттық руханиятымыздың өзегі – тіл» атты тақырыптық кеш өткізіліп, белсенділік танытқан кеш қонақтарына бөліп тарапынан алғыс хат тапсырылып, сыйлықтар берілді.
 Сондай-ақ, 12 сәуірде орталық кітапханада жас мамандардың қатысуымен «Kazakh til quiz» интеллектуалды сайыс өткізіліп, бөлім тарапынан жүлделі орындарға сыйлық берілді. 24 тамызда Арал ауданының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мен Қызылорда облысының тілдерді оқыту орталығының Арал ауданы бойынша оқытушыларының ұйымдастыруымен «Полиглот» аудандық байқауы өтті. 5 қыркүйек – Қазақстан халқының тілдері күні мерекесіне орай «Тіл – ең қымбат қазына» атты салтанатты шара өткізілді. Шара барысында тіл жанашырларына облыс әкімінің, аудан әкімінің, қоғамдық даму басқармасының Алғыс хаттары мен сыйлықтар табысталды. 2024 жылдың 9 айында 1129 мәдени іс-шара өткізіліп, оған 96209 көрермен қамтылды.
2023 жылдың осы уақытында 612 мәдени іс-шара өткізіліп, оған 80029 көрермен қамтылған. Оның 29 онлайн жүйесінде жүргізіліп, 6238 қаралымға жеткен.
– Жүйелі жұмыс, тынымсыз тірлік көптің көз алдында. Руханият деп жасалған әрбір бастамаларымыз ел көңілінен шығып келе жатқанын байқаймыз. Олай болса, басқа да тағылымды шаралар төңірегінде сөз сабақтай кетсеңіз?
– Осы жылдың 12 қаңтар күні «Өнер – мәңгілік мұра» атты Арал қаласының тұрғыны науқас бүлдіршін Жәнібектің еміне көмек ретінде қайрымдылық шара өткізілді.  25 қаңтар күні «Дінсіз тәрбие – тамырсыз көшет» атты танымдық кеш өткізілді. Бұдан бөлек, 9 ақпан күні талантты жастарды тарту, концерт жүргізушілігіне бейімдеу, мәнерлеп оқу қабілеттерін, тіл байлықтарын, сөздік қорларын дамыту, көркем сөйлеу мәдениетін қалыптастыру мақсатында ақын Ә.Тәжібаевтың 115 жылдығына орай «Маржан сөз, қоңыр үн» атты аудандық концерт жүргізушілер байқауы өткізілді.
  24 ақпан күні «Жылы жүрек, жомарт қол» атты мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған концерттік шара өткізілді. Шара барысында қуыршақтар қойылымы, балалар ойындары ұймдастырылып сыйлықтар таратылды. Сондай-ақ шара соңында "Қажымұқан" мультфильмі көрсетілді. 1 наурыз – Алғыс айту күніне орай «Алғыс сөздің асылы» мерекелік шара қолға алынды. Сондай-ақ, 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесі қарсаңында «Әлемнің нұры әйелдер» атты мерекелік концерт берілді. 22 наурыз күні жыл басы саналатын Ұлыстың Ұлы күні қазақ елі үшін қашан да қасиетті де киелі саналған Наурыз мейрамы жаңаша сипатта аталып өтілді. «Наурызнама» онкүндігіне сәйкес іс-шаралар  өткізіліп, орталық алаңда қазақы нақыштағы ағаш үйлер мен арнайы орнатылған шатырларда қазан асылып, жайылған дастарханда халыққа наурыз көже ұсынылды. Мерекелік шара «Армысың әз-Наурыз» атты театрландырылған қойылымымен бастау алып, ұлттық салт-дәстүрлер дәріптелді. 27 наурыз – театр күніне орай «Театр – адамның рухани серігі» атты мәдениет саласының ардагері, халық театрының бас режиссеры болған, «Мәдениет саласының  үздігі» төсбелгісінің иегері Бақыт Бахрамованың қатысуымен кездесу кеш өткізілді. 4 сәуір күні қазақ әдебиетінің абызы, Қазақстанның Еңбек Ері, қоғам қайраткері, теңізді өлкенің төл перзенті – Әбдіжәміл Нұрпейісовтің туылғанына 100 жыл толуына орай аудандық мәдениет үйінде «Теңіздей толқыған қаламгер» атты кеші өтті. 11 мамыр күні «Әлемнің жарығын сыйлаған – Ана» атты аудандық байқау болды. Мамыр айының 28 күні Қазақстанның халық әртісі Құдайберген Сұлтанбаев атындағы "Күлкі думан" әзіл-сықақ өнер ұжымдарының республикалық байқауы ұйымдастырылды.
  4 маусым – Мемлекеттік Рәміздер күні мерекесі аясында «Мемлекеттік рәміздер – ел мәртебесі» атты патриоттық шара ұйымдастырылды. 6 шілде күні Астана күніне орай "Жаса, жайна – ару Астана!" атты мерекелік мәдени шара өткізілді. 13 шілде күні балық, су шаруашылығы және ветеринария саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне орай «Аралым айдын, құт-мекен» мерекелік кеш өткізілді. 24 шілде күні аудандық мәдениет үйінің өнерпаздары Қамбаш лагерінде демалып жатқан балаларға арналған «Шын жүректен балаларға» атты концерттік бағдарламасын қойды. Тамыз айының 8 күні КСРО мәдениет министрлігі «Үздік мәдениет қызметкері» Қ.Жасекеновтың 100 жылдығына арналған «Мәдениет – жасампаз сана» атты  жылжымалы мәдени демалыс – кешенінің облыстық байқауы өткізілді. 12 тамыз күні жастар күні арналған «Жалынды жастар – Қазақстанның жарқын болашағы» атты ойын-сауық кеші болды. 15 қыркүйек күні тілдер мерекесіне орай «Тіл мерейі – ұлт мерейі» атты оқушылар арасында көркемсөз оқу шеберлерінің аудандық байқауы өткізілді. 18 қыркүйек күні отбасы күніне орай өнер майталмандары Бейсовтер отбасымен «Менің отбасым-менің тірегім» атты сыр-сұхбат кеші өткізілді. 26 қыркүйек күні «Еңбек күні» орай Арал аудандық мәдениет үйінде «Бағалы еңбек» атты кинофильмі көрсетілді.
Бөлімдегі тағы бір шуақты шара 8-9 қараша аралығында болған әйгілі публицист, қоғам қайраткері, Қазақстанның Халық жазушысы Әбдіжәміл Кәрімұлы Нұрпейісовтің 100 жылдығы, қазақ халқының бірлігін нығайтуға үлкен үлес қосқан атақты үш бидің бірі, мемлекет қайраткері Әйтеке би Байбекұлына 380 жыл, ұлт азаттығы қозғалысының жетекшісі Жанқожа Нұрмұхаммедұлының 250 жылдығы аясында «Ғасырлар толқынының дарабоздары»атты ауқымды істер легі еді. Аталған шаралар аясында  Аралдың топырағынан шыққан, есімі елге танылған, белгілі тұлғаларды насихаттау мақсатында ҰҒА академигі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Берекет Кәрібаев пен белгілі түркітанушы ғалым Серікбай Қосановтың 60 жылдығына орай кездесу кеші, сондай-ақ, Әбдіжәміл Нұрпейісовтің 100 жылдық мерейтойына арналған «Қалам ұшындағы ғалам»атты Халықаралық суретшілер симпозиумы, ұлт-азаттық көтерілісінің көсемі Жанқожа Нұрмұхаммедұлының туғанына 250 жыл толу мерейтойына арналған «Ел қорғаны Жанқожа» атты республикалық ғылыми-танымдық конференция бар.
– Мәдениет саласының алға озуына елеулі еңбектерімен атсалысып жүрген азамат-азаматшалар бар екенін көреміз, өнер жанашырларының тілеулес жандарының ретінде бағамызды береміз.
– Иә, аудан өнерпаздары жетістіктері жетіп артылады.Баяндар болсамАлматы қаласында өткізілген халықаралық «Бозторғай» балалар шығармашылығы байқауынан Улияев Санжар ІІІ орын, «Жеті өнер» УІІІ шығармашылық өнер конкурсынан Шынарбекұлы Азамат Бас жүлде, республикалық «Сыр толқыны» күйшілер конкурсынан Орынбасаров Ерімбет І орын, Өмір Қараұлының 165 жылдығына арналған жыршы-термешілер байқауынан Бектасов Абылайхан «Арнайы жүлдемен», Қазақстанның халық әртісі Құдайберген Сұлтанбаев атындағы «Күлкі думан» әзіл-сықақ байқауынан Аманөткел ауылдық мәдениет үйінің «Алдаспан» халықтық әзіл-сықақ отауы Бас жүлде иеленді.
– Кітап – қазына. Сіз басшылық жасайтын бөлімнің ішінде үлкен-кішіге рухани ләззат сыйлайтын кітапхана жүйесінің орны ерекше. Талайдың көкірек сарайын ашқан кітапханалар жайында да айтсаңыз?
Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі бойынша 2024 жылдың осы кезге дейін 805 мәдени іс-шара өткізілген. 2023 жылдың осы уақытында бұл көрсеткіш 785 болған. Аудан кітапханалары бойынша 9 кітапханада «Коворкинг» білім орталықтары жұмыс істейді. Кітапханаларға келген оқырман талабын, сұранысын сапалы қанағаттандыру және сервистік қызмет көрсету дәрежесін арттыру мақсатында «РАБИС» (Республикалық ақпараттандырылған кітапханалық-ақпараттық жүйе) бағдарламасы бойынша барлығы 39 кітапхана тапсырыс, іздеу, тіркеу модульдерімен жұмыс атқарады. Аудан бойынша электронды каталог қорына 519067 дана кітаптар енгізілді. 12 ақпан күні Аудандық орталық кітапханасында  «Адал адам» мәдени – тәрбие орталығы тұжырымдамасының «Сұхбат TIME» жобасы аясында 15 ақпан Кеңес әскерінің Ауғанстан жерінен шығарылған күніне орай «Ауғанның асуында от кешкендер» атты ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді. Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен аудандық мәдениет үйінің фойесінде биыл 100 жылдық мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтілетін жазушы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Ғасыр шежіресі» атты кең көлемді кітап көрмесінің ашылуы болды.
  2024 жылғы  «Бір ел – бір кітап» республикалық  акциясы аясында көрнекті жазушы, балалар әдебиетінің классигі Б.Соқпақбаевтың  шығармаларын насихаттау мақсатында  «Балалық шақтың бағбаны» атты библио-фестиваль кеші өткізілді. 23 сәуір – Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай «КІТАП шоу – 2024» атты кітап фестивалі өткізілді. 5 шілде күні  «Әлем-BOOK» жобасы аясында Қалалық №3 кітапханада 6 шілде Астана күніне орай «Жаса, жайна, ару қала – Астана» атты поэзия кеші өткізілді. 12 шілде күні Аудандық орталық кітапханада «Әлем-BOOK» жобасы аясында «READ ME» кітапқұмарлар клубы мүшелерінің қатысуымен «Кітап оқығанға дейін мен» атты әдеби сыр-сұхбат жасады. 24 шілде Шөміш ауылдық кітапханасында  ақын А.Бақтыгерееваның 80 жасқа толуына орай «Сергек ой, серпінді сөздің ұстазы» поэзия  сағаты өткізілді. 24 шілде күні  Сексеуіл кенттік кітапханасының  «Мейірім» жобасы аясында ерекше жандармен бірлесіп «Мейірім нұрын шашайық» атты ізгілік кеші өткізілді. 25 шілде күні Жақсықылыш кенттік  кітапханасында Әлем-BOOK» жобасы аясында қазақтың батыры Жанқожа Нұрмұхаммедұлының туғанына 240 жыл толуына орай «Жанқожа баба ұраным» тақырыбында таным сағаты өткізілді.
Еңбек күніне орай «Еңбек елдің берекесі» атты әдеби кеш өтті. 20 қыркүйек күні аудандық орталық кітапханада ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының ұйымдасты-руымен жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын – «KitapTime – 2024» ІІІ жалпы республикалық кітап фестивалі аясында «Кітап патшалығы – даналар мекені» атты мерекелік шара өткізілді.  24 қыркүйек күні Арал аудандық орталық балалар кітапханасында Библиотерапия орталығында «Сторителлинг» жобасы аясында «Жүзден жүйірк, мыңнан тұлпар» тақырыбында мектептегі үздік оқушымен сыр сұхбат болды.
Ауданда маңызды бөлімдер жетіп артылады. Олардың әрқайсысының ауданның оң имиджін қалыптастырға қосқан үлесі сүбелі. Соның ішінде мәдениеттің де орны ерекше. Әріге бармай-ақ, өзіңіз басшылық қылатын бөлімнің аудан өмірімен тығыз байланыс жасап, қандай да бір бастама мен шаралардың жанында жүретін мәдениет саласы өнерпаздарының көптің көңілін сергітетін жұмыстарын айтсақ та болады. Сіздерге жемісті жұмыс, толағай табыс тілейміз. Уақыт бөліп әңгімелескеніңіз үшін рақмет!

Сұхбаттасқан
А.ЖАЙШЫЛЫҚ
23 қараша 2024 ж. 94 0