Қызылорда облысында 320 адамға қайтарымсыз грант берілді
Аyдандық жұмыспен қамтy орталығының басшысы Оpынбек Мұнаpбаeвтың айтyынша, нәтижелi жұмыспен қамтy, жаппай кәсiпкерлiктi дамытyдың 20I7-202I жылдарға арналған «Енбек» мемлекеттік бағдарламасы кәсіп жасағысы келетін және жұмыс іздеген адамдарға қолдау көрсетеді.
Өткен жылы «Еңбек» бағдарламасының 2-ші бағыты бойынша «Бaстay бuзнeс» жобасының курсын 358 азамат – Қармақшы ауданынан 224, Байқоңыр қаласынан 134 адам оқыды.
Былтыр ауданда 84 тұрғын жалпы айтқанда 260,2 миллион тенгенің несиесін алды. Бuзнес-идеялаpды жүзеге асырғысы келген 320 адамға, дәлірек айтсақ, Қармақшы ауданынан 185, Байқоңыр қаласынан 135 адамға қайтарымсыз грант берілді. Жалпы, тұрғындар бағдарламаның тиімділігін түсінді. Мұны өтініш берушілердің санының артқанынан байқауға болады, – деді орталық директоры.
Орынбек Мұнарбаевтың айтуынша, әр адам қайтарымсыз қаржыны бір рет ала алады. Ал курстан өткенін білдіретін сертификаттың жарамдылығы – үш жыл.
Грант алған адам есеп беріп отырады. Әйтпесе немесе өз мақсатына жұмсамаса қаржыны қайтарып алады. Мұның бәрі күні бұрын түсіндіріледі. Егер ақшаны кері қайтармаса, сотқа хат жіберіледі. Өткен жылғы гранттарды талдап өтейін. Өтініш бергендердің ішінде 57-сі мал шаруашылығына ден қойғысы келеді. 34-і құс шаруашылығын дамытуға ынталы болып отыр. Бұл өте құптарлық қадам. Себебі, біздің ауданға азық-түлік көбінесе сырттан әкелінеді. Ал құс еті, жұмыртқа өзімізде өндірілсе, халықтың сұранысын қанағаттандырып қана қоймай, кәсіпкерлікті де дамытамыз. Сонымен қатар, нан және кондитерлік өнімдер, монша қызметі, бал арасын өсіру, түшпара, жем шығару секілді жобалар қолға алынып жатыр. Балық пен саңырауқұлақты еткісі келгендер де болды. Алма бақ өсіремін, қауын құрт жасаймын деп жоба ұсынғандар бар. Жиһаз бұйымдарын өзімізде жасалатыны да көңілге қуаныш ұялатады. Тері илеуді, жасанды тас шығаруды да кәсіпке айналдырғандар табылды. Мемлекеттік бағдарлама аясында іске асып жатқан бұл жобалар жаңа жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізіп жатыр, – деді Орынбек Жұмағалиұлы.
Бүгінде қайтарымсыз грант алғандар кәсібін дамыта бастады. Солардың бірі – Күлпаршын Әлікеева. «Бастау бизнес» курсынан өтті, жобасын сәтті қорғады. Қазір тігін тігіп, табыс табады.
Грант ақшасына тігін мәшинесін алдым. Тапсырыспен жұмыс істеймін, – деді кәсіпкер.
Грантқа қол жеткізгендердің тағы бірі – қармақшылық Ләззат Асқарқызы. Ол кондитерлік өнімдер пісіреді.
Кондитерлік өнімдерді бұрын да дайындадым. Той дастарқанын тәттімен жайнатып жіберетінбіз. Астың түр-түрін пісіреміз. Қайын сіңлім Динара Нармаханова екеуміз кәсіпкерлік палатасына барып, оқу курсынан өттік. Асхана ашып, жұмыс істей бастадық. Грант қаржысына асханаға қажет құралдарды алдық. Кәсібіміз пандемияға байланысты жай-жай жүріп жатыр, – дейді Ләззат Асқарқызы.
Айта кетейік, мемлекеттік бағдарламаларды тиімді іске асырғанның арқасында 2020 жылы Қармақшы ауданында жоспар 1579 болса, 1880 жаңа жұмыс орны ашылды. Қайтарымсыз гранттың жоспары 200 болса, 320 адамға берілді. Ал биыл 150 грант беру, 1611 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.
baq.kz