Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» Коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары

Коронавирус инфекциясының алдын алу шаралары

Қазіргі таңда республика көлемінде коронавирус инфекциясының тіркелу деңгейі төмендеп, жалпы эпидемиологиялық ахуал «тұрақты» деп бағаланды. Арал ауданы  бойынша наурыз айынан бастап ауру тіркелген жоқ.

 Дегенмен де көрші елдерде тіркеліп жатқан коронавирус инфекциясынан қалыптасып отырған эпидемиологиялық ахуалға көз жүгіртсек, біз үшін аурудың жұқтыру қаупі әлі де жоғары. Ведомствоаралық комиссияның шешімімен,еліміздің Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысы бойынша бүгінде бүкіл талаптар алынып тасталды. Соған қарамастан, біз тұрғындарға коронавирус инфекциясынан сақтану шараларын  әлі де болса ұстануға кеңес береміз.
Алдын алу шаралары:
1.Қоғамдық орындарда,адамдар көп жиналған орындарда  бетперде кию ;
Кезкелгенқоғамдықорыннанкелгенненкейінжәнетамақ әзірлеудің, тамақтанудың алдында қолды сабынмен мұқият жуу немесе құрамында спирті бар салфеткалармен сүрту, антисептиктерді пайдалану .
Көкөністер мен жеміс-жидектерді қолданудан бұрын мұқият жуыңыз;
Иммундық жүйені жақсы қалыпта ұстау үшін дұрыс тамақтану, көкөніс пен жеміс-жидектен тұратын толыққанды байытылған тамақ көздерін пайдалану;
Денешынықтырумен, спортпен айналысу және организмді шынықтыру.
Аурудан сақтанудың ең тиімді жолы-осы ауруға  қарсы екпе алу болып табылады. Бүгінгі таңда аудан тұрғындарын  коронавирусқа қарсы егу шарасымен қамту тұрақты түрде жүргізіліп келеді.  Сонымен қатар  коронавирусқа қарсы бұрын егілген адамдарды қайталап егу жұмысы да одан әрі жалғасуда.
Коронавирус инфекциясынан қорғанудың тиімді жолы- вакцинациялау екенін ескерсек, аудан  тұрғындарын уақыт оздырмайосы жұқпаға қарсы егілуге және қайталап егілуге шақырамыз.
«Ауырып ем іздегенше-ауырмайтын жол ізде!» қағидасын әсте естен шығармаған абзал.

А. САТЕКЕЕВА,
Арал санитариялық-эпидемиологиялық бақылаубасқармасының басшысы                            
---
23 маусым 2022 ж. 181 0