Жер қатынастары саласындағы заңнамалардың сақталуы талқыланды

Осыған орай, аудан әкімінің орынбасары Е. Әбішевтің төрағалығымен арнайы жиын өткізілді. Жиынға аудандық жер қатынастары, құрылыс және қала құрылысы бөлімінің мамандары мен Арал қаласы, Жақсықылыш, Сексеуіл кенттерінің әкімі «Zoom» платформасы арқылы қатысты.
Мәжілісте жер қатынастары саласындағы заң бұзушылықтардың сақталуы және оны болдырмау қажеттігі түсіндірілді. Сонымен бірге мемлекеттік қызметкерлер мен салаға жауапты мамандардың құқық бұзушылыққа жол бермеу жөнінде құқықтық оқыту жұмыстары жүргізілді.
"Толқын" ақпарат