Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» АРАЛ «ОЗАТ АУДАН» АТАНДЫ

АРАЛ «ОЗАТ АУДАН» АТАНДЫ

Бүгін Қызылорда қаласындағы Өнер орталығында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың қатысуымен өткен «Алтын күз – 2025» салтанатты шарасында Балық шаруашылығы саласындағы жетістіктері бойынша жоғары көрсеткіштерге қол жеткізгені үшін Арал ауданы «Озат аудан» атанды.
Айта кетейік, қазіргі таңда кәсіпшілік балық аулау мақсатында балықтың 16 түрі ауланады. Жылдық қуаттылығы 30 000 тоннаға жуық 10 балық өңдеу зауыты жұмыс істейді.
Биылғы жылдың 9 айындағы көрсеткіш бойынша 4731 тонна балық өңделіп, оның 1948 тоннасы алыс-жақын шет елдерге экспортталды. 2 кәсіпорында Еуропа нарығына шығуға мүмкіндік беретін «Еврокод» белгісі бар.
#Аралауданы
#АлтынКүз2025
---
18 қазан 2025 ж. 142 0