Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Мексикада автобус құздан құлап, 18 адам қаза тапты

Мексикада автобус құздан құлап, 18 адам қаза тапты

Мексикада жолаушылар автобусы апатқа ұшырады. Жол апаты салдарынан 18 адам көз жұмды, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, тағы 33 жолаушы жарақат алды. Олардың 11-і - бала.

Оқиға Наярит штатындағы Компостела мекеніне жақын жерде болды.

Тау ішінде келе жатқан автобус жолдан шығып кетіп, 15 метрлік құздан құлап түсті. Оқиғаның себептері анықталып жатыр.
01 мамыр 2023 ж. 461 0