Мьянмада шахтаны лай басып қалды

Оқиға кезінде жер астында нақты қанша адам болғаны белгісіз. Өйткені шахтада өзге елдерден заңсыз келген мигранттар жұмыс істеген. Әзірге анығы 30-дан астам іздестіріліп жатыр. Бұл мезгіл өңірде жауын-шашын маусымы болғандықтан, нефрит өндіру жұмыстары уақытша тоқтатылған. Бірақ көбі бұл ескертуді елемесе керек.
Жалпы КачИн штатында лай көшкіні жиі болады. 2020 жылы бұл аймақта осындай себепьен 170-тен аса адам көз жұмған екен.