Калифорниядағы ірі зауыттан өрт шықты

Associated Press News басылымының хабарлауынша, нысанда жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын сақтайтын ондаған мың литий батареялары бар және олар өртеніп кетсе, өртті сөндіру қиынға соғады.
Белгілі болғандай зауыттағы барлық жұмысшылар қауіпсіз жерге көшірілген. Өрттің шығу себебін анықтау үшін тергеу жұмыстары басталғаны хабарланды.
Бүгін Солтүстік Монтерей округі барлық мектептер мен кеңселер жабылатынын мәлімдеді. Жергілікті билік пен төтенше жағдайлар қызметі қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін белсенді шаралар қабылдап жатыр.
Сурет: egemen.kz