Трамп пен Зеленский Римде кездесті

Ақ үйдің коммуникациялар жөніндегі директоры Стивен Чунг президенттердің «жеке кездескенін» айтты. Ол кейінірек толық мәлімет беруге уәде берді.
BBC тілшісі Пол Кирби Дональд пен Мелания Трамптың Украинаның екі бірдей жақтаушысы — Эстония президенті Алар Карис пен Финляндия президенті Александр Стаббтың арасында отырғанын айтты.
Жерлеу рәсіміне келгендерге арналған орындар француз тіліндегі елдің атауы бойынша алфавиттік тәртіппен берілген.
Sky News хабарлағандай, Трамп пен Зеленский Ватиканда Рим Папасы Францискті жерлеу рәсімінен кейін қосымша келіссөз жүргізуге келісті.
Ақпарат көзі: baq.kz
Фото: baq.kz