Түркия СІМ басшысы: Стамбулдағы келіссөз – бейбітшілікке жету жолындағы маңызды күн

Тараптар жаңа кездесу өткізуге түбегейлі келісті. Түркия ретінде біз ұзақ мерзімді бейбітшілікке қол жеткізу үшін күш салуды жалғастырамыз, — деді министр.
Ресей делегациясының басшысы Владимир Мединский келіссөз нәтижесіне қанағаттанғанын мәлімдеді және Мәскеу Киевпен диалогты жалғастыруға дайын екенін айтты. Ол сондай-ақ екі ел басшылары — Владимир Путин мен Владимир Зеленскийдің мүмкін болатын кездесуін талқылау туралы Киевтің ұсынысы ескерілгенін жеткізді.
Келіссөз барысында атысты тоқтату мәселесі қозғалды. Тараптар бұл бойынша өз ұсыныстарын әзірлеп, жазбаша түрде ұсынуға келісті. Мединскийдің айтуынша, келіссөздер жалғасады.
Сондай-ақ, тұтқындармен "1000-ға 1000" формуласы бойынша алмасу туралы уағдаластыққа қол жеткізілді. Бұл ақпаратты Украина делегациясының басшысы Рүстем Умеров те растады. Ол Мәскеу уақытымен 18:00-де ресми мәлімдеме жасайтынын хабарлады.
Айта кетейік, бұл — соңғы үш жылдағы Ресей мен Украинаның алғашқы тікелей келіссөзі. Ол 16 мамыр күні Ыстамбұлдағы Долмабахче сарайында өтті. Кездесу шамамен екі сағатқа созылды. Бастапқыда ол 15 мамырға жоспарланған еді, бірақ Украина делегациясының кешігуіне байланысты кейінге шегерілген.
Фото: baq.kz