Жойқын жер сілкінісі тіркелді

Бұл жер сілкінісі Тынық мұхиты бойындағы елдердің түгел дерлік эвакуация жариялауына себеп болды.
Зардап шеккен аймақтар
Камчатка
Аймақта бірнеше ғимарат зақымданып, кейбір тұрғындар жарақат алды. Алайда, Ресей ТЖМ мәліметінше, қаза тапқандар жоқ.
Солтүстік-Курильск
Мұнда шамамен 3–4 м биіктіктегі цунамиден порт пен балық өңдеу зауыты су астында қалып, кемелер орындарынан жылжып кеткен.
Жапония
Шығыс жағалауындағы ондаған мың адамға эвакуация жариялады. 2011 жылғы 9,0 магнитудалы жер сілкінісі мен цунамиден қатты зардап шеккен Фукусима АЭС-інің жұмысшылары қауіпсіздік мақсатында уақытша көшірілді.
NHK телеарнасы Хоккайдо аралындағы тұрғындардың шатырлы ғимараттар төбесінде паналап отырғанын көрсетті. Nissan Motor компаниясы кейбір зауыттарының жұмысын уақытша тоқтатқан.
Ең биік толқын 60 см-ге жетті. Қазіргі сәтте ешқандай зардап немесе ядролық зауыттарда ақау тіркелмеген,-деді Жапония үкіметінің бас хатшысы Ёшимаса Хаяси
Гавай мен АҚШ
Гавай аралдарының жағалауындағы тұрғындарға биік жерге көшу, ал көпқабатты үйлерде 4-қабаттан жоғары көтерілу бұйырылды. АҚШ-тың жағалау күзеті кемелер қойнауын тастап кетуге бұйрық берді.
Шұғыл әрекет етіңіздер! Жойқын цунамидің соққысы күтілуде,-деді Гонолулу ТЖ департаменті.
Тынық мұхиты бойынша қауіп
АҚШ-тың Цунамиді ескерту қызметі бірнеше елде биіктігі 3 метрден асатын толқындардың соғуы мүмкін екенін мәлімдеді. Қауіп төніп тұрған елдер қатарында:
Ресей (Камчатка),
Солтүстік Гавай аралдары,
Эквадор,
Жапония,
Чили,
Соломон аралдары.
Кейбір Тынық мұхиты жағалауларында, соның ішінде АҚШ-тың Батыс жағалауында да кішігірім толқындар болуы мүмкін.
Тынық мұхитында болған жойқын жер сілкінісіне байланысты Гавай тұрғындарына цунамиге байланысты ескерту жарияланды. АҚШ-тың Аляска және Батыс жағалауында да қауіп бар. Жапония да қауіп астында. Ақпаратты tsunami.gov сайтынан қарап отырыңыздар. Күшті болыңыздар және аман болыңыздар!,- АҚШ президенті Дональд Трамп.
Фото: baq.kz