Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Чили жағалауында қуатты жер сілкінісі болды

Чили жағалауында қуатты жер сілкінісі болды

Жер сілкінісінің магнитудасы 5,2-ге жетті.
Чили жағалауында магнитудасы 5,2 болатын жер сілкінісі болды. Бұл туралы Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығы (EMSC) мәлімдеді.

Жер сілкінісі 25 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша сағат 12:29-да тіркелген.

Жер сілкінісінің эпицентрі Сан-Антонио қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 62 шақырым жерде орналасқан. Ошақ 29 шақырым тереңдікте болған.

Зардап шеккендер мен қираған нысандар туралы ақпарат түскен жоқ.

baq.kz
Фото: baq.kz
27 қыркүйек 2026 ж. 34 0