Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Гватемалада мектепті пластикалық бөтелке мен қоқыстан салады

Гватемалада мектепті пластикалық бөтелке мен қоқыстан салады

Дамымаған елдерде балалардың оқу мүмкіндігі жоқ. Тіпті білім алатын мектептері де жоқ. Мектеп салу қомақты қаражатты талап етеді.

Осы себепті Hug It Forward коммерциялы емес ұйым мектепті арзан бағаға салуды ойластырды. Олар кірпіштің орнына пластик бөтелкелерді пайдаланды. Оларды қоқыстан теріп алды.

 Бұл идея миға қонымсыз болып көрінуі мүмкін. Бірақ шын мәнінде іске асады екен. Тіпті пластик бөтелкеден үй салуға болады. Бүгінде ұйым осындай 12 мектеп салды. Қазір 4 мектеп салынуда. Пластик бөтелкелерді қоқыспен жауып, бетонмен қабырғасын тұрғызады. Материалды ағаштан алады. Бір мектепті салуға $6,000-$20,000 аралығында ақша кетеді. Ол мектептің көлеміне байланысты. 
Бұндай мектеп салудың тағы бір тиімді тұсы - тазалығы. Бөтелкелер мен қоқыс жерде шашылып жатпай, қажетке жарайды. Балалар тазалық сақтап, қоршаған ортаны таза ұстап үйренеді.

http://stan.kz  

20 маусым 2019 ж. 919 0