Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » COVID-19. Алғаш рет вирус жұқтыру фактісі тіркелмеді

COVID-19. Алғаш рет вирус жұқтыру фактісі тіркелмеді

  baq.kz Бүгін елімізде пандемия басталғалы алғаш рет коронавирус инфекциясын жұқтыру фактісі тіркелмеді.  Сoronavirus2020.kz ресми сайтының хабарлауынша бүгін 123 адам дерттен айығып шыққан.

Ал, өткен тәулікте елімізде 154 адам коронавирус індетімен тіркелген болатын.
Еске салайық, Қазақстанда 5571 адам COVID-19 жұқтырып, оның 2531-і жазылып шықты. Ал, дерттен көз жұмғандар саны - 32.
Айта кетейік,  Дүниежүзілік банк Орталық Азиядағы COVID-19 әсерін азайтуға бағытталған шаралар пакетін бекітіп, Қазақстанға аймақтарда індет жұқтырған науқастарды емдеу үшін өкпені жасанды желдететін 236 аппарат сатып алуға 10 млн доллар бөлді. Бұған қоса өкпені жасанды желдететін 123 аппарат пен өзге де медициналық жабдықты сатып алуға 17 млн доллар аударылды.
15 мамыр 2020 ж. 507 0