Алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

«Алдағы үш күнде Қазақстанның басым бөлігінде құбылмалы ауа райы сақталады. Оңтүстік циклонның келуіне байланысты найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Аптаның соңында оңтүстік-батыста қатты жаңбыр жауады. Дауыл, бұршақ түсуі мүмкін. Кейін қысқа антициклонның жылжуымен жауын-шашын тоқтап, батыста ауа температурасы аздап төмендейді. Республика бойынша кей жерлерде жел күшейеді», – деді синоптиктер.
«Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының хабарлауы бойынша Қызылорда облысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.