Газ құю бекеті ашылды

Қазіргі уақытта жанармайдың қос түрін тұтынатын көліктер саны бұл ауылда да артып келеді. Тиімділігі өз алдына, экологияға әсер етудегі үлес салмағы да төмен екенін мұндағы ағайын жақсы біледі. Ал күнделікті тұрмыста қолданылатын газ баллондар Қаратерең бойынша үй бірінші бар деуге болатын шығар. Міне, күнделікті тұрмыста осындай маңызға ие көгілдір отынды аудан орталығынан тасымалдап жүретін қаратереңдіктер үшін ашылған газ құю бекетінің маңызы зор болып отыр.
Қаратерең ауылындағы бұл бекет «Байқоңыр газ» ЖШС-ның демеушілігімен ашылды. Алдағы уақытта осы газ құю қызметін ауыл тұрғыны Ғ.Биманов көрсетеді. Енді ауыл тұрғындары мен жергілікті автокөлік жүргізушілері көгілдір отынды қажеттіліктеріне сай қалаған уақытында пайдалана алады. Бұл тұтынушы мен газ құю бекеті үшін де қолайлы, әрі тиімді болып отыр. Газ ауыл тұрғындарына қолжетімді бағада ұсынылуда. Аталған бекет талапқа сай жан-жақты жабдықталған. Қаратерең ауылдық округі әкімі С.Жұбаниязов газ құю бекетіне барып, ашылуына орай толыққанды танысып, ел игілігі үшін жасалатын жұмысқа сәттілік тіледі.
"Толқын" ақпарат