Мектеп оқушылары «Сыр медиа» ЖШС жұмысымен танысты

Мектеп оқушылары бүгінде өз қызметінің, еңбегі мен ізденісінің нәтижесін көріп, көздеген мақсатына жеткен мектеп түлегі «Сыр Медиа ЖШС» бас директорының орынбасары Дәурен Омаровтың жұмыс орнында болып, БАҚ жұмысына қанықты.
Кездесу барысында мектеп түлегі жеткен жетістіктері жайлы, оларды оқытқан ұстаздары туралы пікірлесіп, өздерінің іні-қарындастарына болашақта дұрыс мамандық таңдауға жол сілтеді.
Сондай-ақ, талапты шәкірттер журналистиканың қазанында қайнап, ыстық-суығына төзіп жүрген қаламгерлермен пікірлесті. «Kyzylorda-news.kz» ақпарат агенттігінің бас редакторы Нұрсұлтан Мықтыбаев пен облыстық «Сыр бойы» газетінің тілшісі Ержан Қожас мамандық таңдауда кеңес беріп, журналистика саласының қыр-сырын баяндады. Оқушылар толғандырған сұрақтарын қойып, тұщымды жауап алды.
kyzylorda-news.kz