Ілкімді істер атқарылды

Назар аударып отырсақ, ауқымды шаруалар атқарылып, тындырымды тірліктер істелген. Әсіресе ауылда тұратын халыққа оңтайлы жағдайлар жасалуда. Жолдар жөнделіп, ауызсу тартылып, ұялы байланысқа қол жеткізілуде. Ата кәсібіміз балық және мал шаруашылығы да қайта түлеп, балық өнімі экспортқа шығарылып, мал саны жыл өткен сайын артып келеді. Сондай-ақ кәсіп ашып, шаруасын дөңгелетіп отырғандар да жетерлік. Мұның бәрі ел игілігі үшін жасалып жатқан игі істер. Аудан дамуы қарқынды жүргізіліп жатқаны көңіл қуантады.
Сонымен бірге ауыл тұрғындарының алдағы уақытта аяқ су мен жайылымдық жер мәселесі шешімін тапса, көне мектептің орнынан жабық спорт кешені мен типтік жобадағы мәдениет үйі және көршілес Хан елді мекенінен амбулатория салынса деген ұсыныстары да ескеріледі деген үміттеміз.
М. ЕЛЕУОВА,
Аманөткел ауылының тұрғыны
М. ЕЛЕУОВА,
Аманөткел ауылының тұрғыны