Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » КӘСІПКЕРЛІК ӨРКЕНДЕП, ШАРУАСЫ ШАЛҚЫҒАН АУЫЛ

КӘСІПКЕРЛІК ӨРКЕНДЕП, ШАРУАСЫ ШАЛҚЫҒАН АУЫЛ

Аудан әкімінің тұрғындар алдындағы есепті кездесуі Қосжар ауылдық округінде өткізілді. Кездесу барысында өткен жылы атқарылған ауқымды шаралар баса айтылды.
Жиында әдеттегідей бірінші болып учаскелік полиция инспекторы мен ауылдық округ әкімі М. Әбдікеров өткен жылы атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасап өтті.
Атап айтқанда, Елді мекен бойынша 1 шаруа қожалығы және 16 жеке кәсіпкер бар. 2019 жылы 5 азамат өз кәсібін ашып, жұмыс жасауда.
«Қамыстыбас балық питомнигі» РМҚК-да тұқы, көксерке, табан, торта тағы басқа балық түрлерінің өсірілуде.
«Қамыстыбас балық питомнигінің» құрамында «Қосжар» және «Тастақ» бөлімшесі бар. Жалпы 114 адам екі бөлімшеде әр түрлі мақсаттағы балық өсіру тоғандарында жұмыс істейді. Оның ішінде 230 га жер жайылым тоғандары қарастырылған. Жыл сайын осы жаздық 420 екі жаздық балық шабақтары көбейтіліп, Қамыстыбас көлі мен Кіші Арал теңізіне жіберіліп келеді.
Өткен жылы елді мекенде 16 бала дүние есігін ашқан.
Былтырғы жылмен салыстырғанда жалпы мал басы 142 басқа артып отыр. 2019 жылы 3 адам жастар практикасымен № 67 орта мектебінен тәжірибеден өтті, 4 адам ақылы қоғамдық жұмыспен қамтылды. Жыл көлемінде 2 адам ауылдық мекемелерге тұрақты жұмысқа орналастырылды.
«Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша: 
Таңшолпан Аяпбергенова - түйе шаруашылығын дамыту мақсатында «Бизнес Бастау» курсын оқып, қазіргі уақытта 3 млн. теңге көлемінде, Құрманбек Тлеулиев - жылқы шаруашылығын дамыту мақсатында «Бизнес Кеңесші» курсын оқып, 4 млн теңге көлемінде, Асхат Керимбердиев - жылқы шаруашылығын дамыту мақсатында «Бизнес Кеңесші» курсын оқып, ауыл шаруашылығы қолдау қорынан 4 млн теңге көлеміндегі несие алды.
Сонымен қатар, Ақбала Ідірісова - «Бастау-Бизнес» курсын оқып, «Сұлулық салонын ашу» жобасы бойынша және Зинат Яумадин аталған курсты тәмамдап, «Тігін шеберханасы» жобасын қорғап, 505 000 теңге көлемінде грант иегері атанды.
Елді мекендегі электр трансформаторының қуаттылығын күшейту бағытында аудандық электр тарату торабы арқылы 2019 жылдың шілде айында қуаттылығы 160 кВт трансформатор орнатылды.
Осылайша жылды қорытындылаған қосжарлықтар кездесу барысында аудан әкімі Мұхтар Оразбаевтың да есебіне құлақ түріп, ауданда атқарылған ауқымды істер мен жаңа жобалардың жоспарымен танысты.
Мұнан соң ауыл тұрғындары «Советжарма» каналындағы су тоспасы арқылы берілетін су көлемін реттеу және Қосжар елді мекеніндегі ескірген электр желілері мен бағаналарына жаңарту жұмыстарын жүргізу мәселелері бойынша аудан басшысына ұсыныстарын жеткізді. Аудан әкімі айтылған ұсыныс-пікірлердің ескерусіз қалмай, оңтайлы шешімін табуы үшін тиісті жұмыстар жүргізілетіндігін айтты.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
24 қаңтар 2020 ж. 837 0