Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім сотпен бекітілді

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 4-бабына сәйкес, дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесу азаматтық сот ісін жүргізудің міндеттерінің бірі болып табылады. Осыған орай, істі сот талқылауына дайындау барысында, сотпен тараптарға дауды татуласу рәсімдері арқылы шешу құқықтары, оның тәртібі мен құқықтық салдары түсіндірілген.
«Ынтымақтың арты игі»-демекші, тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге келіп, істі өндірістен тоқтатуды сұраған.
Медиативтік келісімге сәйкес, жауапкер талап қоюшыға бір бас сиыр малын қайтарып беруге міндеттеніп, талап қоюшы қойып отырған талабынан бас тартқан.
Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің заңға қайшы келмейтіні, келісім шарттарының орындалуы басқа тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін бұзбайтыны ескеріліп, келісім сот ұйғарымымен бекітіліп, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды. Талап қоюшыға төленген мемлекеттік баж алымы қайтарылды.
Арал аудандық сотының баспасөз қызметі