Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Есірткіден аулақ бол жас ұрпақ, жас дос!

Есірткіден аулақ бол жас ұрпақ, жас дос!

Бүгінгі қоғамда белең алып отырған, ең өзекті мәселелердің бірі де, бірегейі – қауіпті дерт туралы сіздерге үндеу жолдағалы отырмын. Қазіргі  қоғамның болашағы адамдардың рухани және жандық саулығының ұзақтығында болмақ. Олай болса, әр адам баласының тағдыры өз қолында  екенін, сол үшін күресіп өмір сүретінін  білеміз. Адам баласы – өз өмірінің  сәулеткері. Ертеңіне кәміл сенген ел: «Жастар – болашаққа апаратын алтын  көпір» дейді дана халық. Әрбір өскелең ұрпақ жеке қабілетіне және кәсіби  біліктілігіне сай қоғамда өз орнымызды табуымыз қажет. Әрбір қазақ  жастары өздерін ұлтжандымын деп түсініп, өне бойымызға ұлттың намысын жоғары қоюмыз керек. Бұл үшін біз жастар бойымызды әлдебір жаман қылықтан аулақ ұстап, салауатты өмір  салтын  ұстануы қажет. Жасөспірімдер арасындағы нашақорлыққа әуестіктің 0,3 пайызы бала іште жатқанда анасынын қаны арқылы есірткі нәрін бойына сіңіріп үлгерген себепті болып отыр. Яғни, бала дүние есігін ашқанда оның бойында есірткіге деген аз да болса құмарлық белгілері байқалады. Ғалымдардың зерттеуі бойынша бұл құмарлық бала жасы 6-7 толғанда барынша күшейе түсіп, оның организмінде есірткіге деген сұраныс күнделікті тағамға деген сұраныстан 4-5 есеге жоғары болатын көрінеді. Осыған байланысты дана халқымыз «Бала–біздің болашағымыз» деп, баланы ұрпағының, тұтас елінің дамуының жалғасы деп біледі.
Егер де сен ақшаңды жоғалтып алсаң, сен ештеңе де жоғалтқан жоқсың. Егер сен уақытыңды жоғалтсаң, сен біраз нәрсені жоғалтасың. Ал егер де сен денсаулығыңды жоғалтып алсаң, сен бәрін де жоғалттың деген  сөз.  Қазақ  жастары еңселі тәуелсіз еліміздің болашағы, денсаулығы мықты болашағынан көп үміт күттіретін біздің қолымызда. Жоғарыдағы жәйттарді ескерте отырып, жас достар сіз болып, біз болып жаман әдетке қарсы тұралық дегім келеді.
Нұрсезім ӘДІЛОВА,
№61 орта мектеп оқушысы
28 қаңтар 2022 ж. 1 272 0