Бейбіт елдің тірегі
Балалар жылы ел көлемінде кеңінен атқарылып келеді. Бүлдіршіндерді бақытқа бөлейтін осындай шаралардың бірі Арал ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы жанынан құрылған «Бақытты отбасы» бағдарламасы мамандарының ұйымдастыруымен өтті. Жадыраған шуақты жаздың алғашқы мерекесі, «1 маусым халықаралық – балаларды қорғау» күніне орай көпбалалы отбасылардың қатысуымен «Бақытты балалар – бейбіт елдің тірегі» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Көп балалы отбасы балаларына салауатты өмір салтын насихаттау, бүлдіршіндерді өзін құрметтеуге, ата–анамен бірге ұйымдасып жұмыс жасауға тәрбиелеу және әлеуметтік мәнділік сезімін, жеке тұлға ретінде көрсете білуге дағдыландыру мақсатында қатысушыларымыз алты бөлімнен тұратын сайыста бақ сынасты. Сайыс нәтижесі бойынша әр қатысушыларға көрсеткен белсенділігіне қарай баға қойылып, нәтижесінде 81 ұпай жинаған «Қыран» тобы бас жүлдені еншілесе, 68 ұпаймен «Барыс» тобы І орын, «Тұлпар» тобы 59 ұпаймен ІІ орынды еншілесе, 53 ұпай жинаған «Жалын» тобы жүлделі ІІІ орынды иеленді. Сондай-ақ қатысушыларға арнайы дипломмен қатар сыйлықтар табысталды.
Мұндай шараны өткізліп, көпбалалы отбасылардың қуанышқа бөленуінде аудандағы кәсіпкерлердің де үлесі зор. Өздерінің тарапынан қолдау көрсетіп, жарысқа қатысушыларға жігер берген кәсіпкерлерге алғыс айта отырып, ел болашағы үшін еңбек етіп жатқан жандарға, бүлдіршіндерімізге баянды болашақ тілейміз.
"Толқын" ақпарат