Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » «Сот кабинеті» – мүмкіндікті арттырады

«Сот кабинеті» – мүмкіндікті арттырады

Ашықтық пен жариялылық, ақпаратқа қолжетімділік тетіктерін жетілдіру бағытында сот жүйесінде түрлі заманауи электронды технологиялық жаңалықтар енгізіліп, бүгінде халық игілігіне қызмет көрсетуде. Солардың бірі  - «Сот кабинеті» электронды сервисі.
«Сот кабинеті» - бұл сот органдарының онлайн сервистеріне және көрсететін қызметтеріне қол жеткізетін жалғыз терезе. Осы арқылы азамат, оның өкілі немесе адвокаты өзіне ыңғайлы кез келген уақытта, үйден, кеңседен шықпай-ақ, интернет желісі арқылы өтініш пен арызды электрондық түрде жібере алады, мемлекеттік бажды онлайн режимінде төлеп, сот құжатын, сондай-ақ істің бүкіл тарихын қарап, сот актісін басып шығара алады және аталған істің процессуалдық мерзімдерін де қарай алады.
«Сот кабинеті» арқылы арыз немесе шағым берген азамат оның тіркелгені туралы талон және смс-хабарлама алады. Бұл аталған сервиске «Сот кабинеті» мобильдік қосымшасы арқылы да қол жеткізуге болады. Кезекті сот отырысының болатын уақыты мен орны туралы ақпарат тараптардың ұялы телефонына смс-хабарлама ретінде, істің қаралуы туралы ақпарат «push-хабарлама түрінде түседі.
Бұрын сот отырысына азаматтарды шақыру да ұзақ процесс еді. Хабарламаны конвертпен жолдап, шақыртудың жеткен-жетпегенін білмей отыратын күндер келмеске кетті. Көріп отырғандарыңыздай, бүгінде смс-хабарламаны тараптар лезде алғаны былай тұрсын, арыз-шағымының қабылданғанын, істің әрі қарайғы қозғалысын толықтай бақылай алады.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
10 маусым 2022 ж. 520 0