Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Семей полигоны туралы қысқаша дерек

Семей полигоны туралы қысқаша дерек

* Нарынға қасірет әкелген полигон қалай пайда болды десек, КСРО Министрлер Кеңесінің 1947 жылғы 3 маусымындағы №2642–817 қаулысына сәйкес Капустин Яр ракеталық полигоны құрылды. Оның бастығы болып генерал-майор Василий Вознюк (1946-1973 ж.ж.) тағайындалды.
* Орда ауданының 1,5 млн гектар жері "Капустин Яр" полигонына берілді.
* 1947 жылғы 18 қазанда Мәскеу уақыты бойынша 10 сағат 41 минутта бірінші баллистикалық ракета сынақтан өтті.
* 1950 жылдан бергі мерзімде тек Капустин Ярдан 11 атом жарылысы 300 метрден 5,5 шақырымдық биіктікте  жүзеге асты. Сол кездегі ақпарат құралдары атом жарылысын жасырды. Ал шындығында бұл атом бомбасының жалпы күші Хиросимаға тасталған бомбадан 65 есе артық еді. Бұдан басқа тек "Капустин Ярда" басқарылатын 24 мың ракета жарылып, сынақтан өтті. 177 соғысқа арналған техника сыналып, 679 РСД-10 ракетасы құртылды.
* 1957-1959 жылдары "Капустин Ярда" Нарын аймағында 29 атомдық жарылыс болып, оның 18-і жер астында, 11-і ауада жарылды.
* Азғыр ауылы Орда ауданына қараған болатын. Кеңес әскерлері бірінші сынақты Азғыр ауылынан 1,5 шақырым ғана қашықтықта 165 метр тереңдікте жүргізді. Ол кезде 300 адам тұратын ауылда 20 күн бойы сол жерден ауаға газ түрінде радиоактивтік қалдықтар шығып жатты.
* Радиоактивтік қалдық мөлшерден 460 есе артық болып, ал гамма сәулесінің мөлшері 155-3500 мкр/сағат (рұқсат етілетіні тек 8-10 мкр/сағат) болды. Азғыр ауылының тұрғындары тәжірибеге арналған "тышқан мен қоянның" күнін кешті.
* Орда аймағындағы 619 ракетаның әрқайсысы ауаға 50 тоннадан улы газ таратты.

Дайындаған К. Махсұт 
27 тамыз 2022 ж. 1 140 0