Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » СІЗДІҢ ДАУЫСЫҢЫЗ МАҢЫЗДЫ

СІЗДІҢ ДАУЫСЫҢЫЗ МАҢЫЗДЫ

1 қыркүйекте мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл күзде кезектен тыс президент сайлауы өтетінін мәлімдеген болатын.
"Мен биылғы күзде кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынамын. Әділетті Қазақстанды құру жолында түбегейлі және жан-жақты реформаларды табысты жүзеге асыру үшін халықтың жаңа сенім мандаты қажет. Мен үшін мемлекет мүддесі бәрінен биік. Сондықтан мен өкілеттік мерзімімді қысқартуға және кезектен тыс президент сайлауына баруға дайынмын", - деді президент Қазақстан халқына жолдауында.
Ендігі кезекте өтуіне санаулы күндер қалған Қазақстан Республикасының Президент сайлауын барша қазақ халқы асыға күтіп жүргені анық. Бұл күн тарихымызда алтын әріппен сақталатын күн. Себебі, Қазақастанның президенті кім болатындығы анықталатын күн. 
Биылғы кезектен тыс Қараша айының 20-ы күні қазақстандықтар өз болашағын сенімді адамға тапсырып, ел тізгінін ұстайтын мемлекет басшысын таңдап дауыс бермек. Иә, бұл күн барлығымыз үшін тарихи маңызды қадам болмақ. Осы тұста ертеңгі ел болашағын бірге таңдап, өз таңдауыңызбен дауыс беруге шақырамын. Сайлаудан тыс қалмау азаматтық борыш екендігін сезінсек деймін.

Айсәуле Нұрланова
Арал аудандық "Толқын" газетінің тілшісі 
16 қараша 2022 ж. 914 0