Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Табиғат тартуын бағалай білейік

Табиғат тартуын бағалай білейік

Күнделікті ризық-несібесін теңізден тауып отырған Арал халқының, соның ішінде теңіз жағалауын қоныстанған ауылдардың басты байлығы да осы айдынды шалқар.
Расында солай. «Өзен жағалағанның өзегі талмайды» деген тәмсіл бекер айтылмаса керек. Бүгінде ата кәсіп саналатын балықшылықты өркендетіп отырған да осы ауылдардың азаматтары. Бірақ табиғаттың сыйын табысқа айналдырып, бағасын білмей, құндылығын ескермей кетуге де болмайды. Сол себепті теңіз тазалығын сақтау мақсатында әркез жоспарлы түрде тазалық жүргізіліп тұрады.
Осындай шаралардың бірі биыл 26 қарашада да болып өтті. Арал теңізінің №9, №6 аумағы бойынша теңізді және теңіз жағасын қоқыстардан, аулардан, басқа да қажетсіз заттардан тазарту шарасында қорықшылар С.Аралбаев пен Қ.Сапаевтан бөлек, балықшылар да белсенді атсалысты. Қолда бардың қадірін білетін халық үшін мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде істеліп тұрады.

Гүлмира Орынбасарқызы,
«Қарашалаң Балық» ЖШС-ның өндіріс жөніндегі директоры
27 желтоқсан 2022 ж. 350 0