Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Алимент дауы медиация тәртібімен реттелді

Алимент дауы медиация тәртібімен реттелді

Арал аудандық сотында талап қоюшы А-ның жауапкер К-дан баласы үш жасқа толғанша алимент өндіру туралы азаматтық ісі тараптардың медиация тәртібімен татуласуларына байланысты аяқталды.
Талап қоюшы талабында, қазіргі уақытта жауапкермен бірге тұрмайтындығын, заңды некеден үш жасқа толмаған баласы барын, баланы бағып-күтумен айналысатындықтан еш жерде жұмыс істемейтіндігін, материалдық көмекке мұқтаж екенін, жауапкер өз еркімен көмек көрсетпейтінін мәлімдеп, баласы үш жасқа толғанша айына 20 айлық есептік көрсеткіш көлемінде алимент өндіріп беруді сұраған.
Сот отырысында тараптарға дауды медиация тәртібімен шешу құқығы түсіндірілген. Нәтижесінде тараптар сотқа медиативтік келісімді бекіту туралы өтініш ұсынған. Оның шарттары бойынша жауапкер баласы үш жасқа толғанша ай сайын талап қоюшымен өз ара келісілген мөлшерде алимент төлеп тұруға міндеттенген.
Сот ұйғарымымен келісім бекітіліп, іс өндірістен тоқтатылды.

Арал аудандық сотының баспасөз қызметі
28 желтоқсан 2022 ж. 367 0