Коронавирус инфекциясы бойынша эпидемиологиялық ахуал

Алдын алу шаралары:
-Аурудан сақтанудың ең тиімді жолы -осы ауруға қарсы екпе алу десек, бүгінгі таңда аудан тұрғындарын коронавирусқа қарсы егу шарасымен қамту тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Қазірге таңда жоспарланған адамдардың 95,8 пайызы коронавирусқа қарсы вакцинаның І-ші компонентімен, 94,8 пайызы егу шарасының П-ші компонентімен, ревакцинациямен 83,9 пайызы, ал қайта ревакцинациямен 27пайызы қамтылды. Файзер вакцинасымен 12-17 жастағы балалар мен жасөспірімдер және жүкті әйелдер мен емізулі аналар аудан бойынша жоспарланған адамдардың 67,4 пайызы қамтылды.
-Кез келген қоғамдық орыннан келгеннен кейін және тамақ әзірлеудің, тамақтанудың алдында қолды сабынмен мұқият жуу немесе құрамында спирті бар салфеткалармен сүрту.
-Үй-жайларды таза ұстау, тәулігіне кемінде 2 рет желдету. Ылғалды жинау кезінде құрамында хлоры бар дезинфекциялау заттарын қолдану;
-Ауырып жүрген адамдарға және олардың заттарына жақындамау, байланысқа түскен жағдайда бетперде тағу.
-Көкөністер мен жеміс-жидектерді қолданудан бұрын мұқият жуыңыз;
-Иммундық жүйені жақсы қалыпта ұстау үшін дұрыс тамақтану көкөніс пен жеміс-жидектен тұратын толыққанды байытылған тамақ көздерін пайдалану;
-Дене шынықтырумен, спортпен айналысу және организмді шынықтыру.
Коронавирустық инфекцияның қауіптілігін ескере отырып, әрбір азамат өз денсаулығына жауапкершілікпен қарауы тиіс.
Г.Әйімбетова,
Арал аудандық санитариялық-
эпидемиологиялық бақылау
басқармасының жетекші маманы