Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » ТМККК және МӘМС жүйесі аясындағы жұмыстың ерекшелігі түсіндірілді

ТМККК және МӘМС жүйесі аясындағы жұмыстың ерекшелігі түсіндірілді

Қызылорда облысы бойынша ӘМСҚ филиалының сарапшылары медициналық қызмет берушілерге ТМККК және МӘМС жүйесі аясындағы жұмыстың ерекшелігін түсіндірді

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Қызылорда облысы бойынша филиалының мамандары медициналық қызмет берушілермен, ZOOM-конференциясы арқылы, кеңейтілген жұмыс жиналысында 2023 жылға ТМККК және МӘМС шеңберінде бірлесіп жұмыс жасаудың ерекшеліктерін түсіндірді.

Атап айтқанда, сарапшылар 2023 жылғы сатып алу жоспарындағы өзгерістер, жаңа есепті жылға медициналық қызметтер көлемін орналастыру ерекшеліктері мен қорытындылары туралы айтты. Сондай-ақ ТМККК және МӘМС жүйесі шеңберіндегі жұмыстың биылғы басымдықтары мен талаптарын түсіндірді, қатысушылар сұрақтарына жауап берді.

2023 жылы Қор филиалы аймақтағы 106 медициналық ұйымымен (30 мемлекеттік, 76 - жеке) 86,2 млрд.теңге сомасына (ТМККК-51,4 млрд. теңге, МӘМС – 34,8 млрд. теңге) келісім шарт жасады.

Айгүл АХАНОВА 

20 қаңтар 2023 ж. 270 0