Толқын Tolqyn.kz ақпараттық агенттігі
» » Арал қаласында ағаш көшеттері отырғызылды

Арал қаласында ағаш көшеттері отырғызылды

Көктем мезгілі басталғалы бері аудан көлемінде тазалық шараларымен бірге көркейту-көгалдандыру жұмыстары да атқарылуда.
Бүгін аудан әкімі С. Сермағамбетов "Алаш" алаңында, "Даңқ" алаңында және "Рәміздер" алаңы жанындағы Спорт алаңында тал егу шарасына қатысып, ағаш көшеттерін отырғызды. Көгалдандыру шарасына аудан ардагерлері, қоғам қайраткерлері және Халықаралық Аралды құтқару қоры қызметкерлері қатысты.
Аудан басшысы жауаптыларға жаңадан егілген жас көшеттердің бой алып кетуі үшін күнделікті қарап, күтіп-баптау қажеттігін айтты. Сонымен бірге аталған аймақтардағы бұрыннан өсіп тұрған талдарды да қараусыз қалдырмай, олардың суарылуын және қажетті тыңайтқыштардың жеткілікті болуын қадағалауды тапсырды.
"Толқын" ақпарат
26 наурыз 2023 ж. 177 0